Жыл басынан бері балалардың отпен ойнауынан 6 өрт оқиғасы болған – ШҚО
10.05.2022 | 13.06
0
31
Өңірде жыл басынан бері балалардың отпен ойнауынан 6 өрт болғанын анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Осыған ұқсас оқиғаның бірі 7 мамыр күні Семей қаласында болды.
- Семей қаласындағы 6-шы Жоламанов көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 30 шаршы метр өрт болды. Жалын тез арада көрші үй ғимараттарға тараған. Төтенше оқиға балалардың отпен ойнауы себебінен туған, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Ал Самар ауылында қоқыс өртеніп, өрт қораға дейін жеткен. Құтқарушылар жалпы ауданы 45 шаршы метр тілсіз жауды ауыздықтады. Мұнда да өрт 2013 жылы туған кәмелетке толмаған баланың отпен ойнауынан туған.
Комментарии (0)