Өзін-өзі «тонаған» өскемендік жігіт жазаланады
27.01.2021 | 14.46
0
180
Ұялы телефоны мен ноутбугін ломбардқа өткізіп жіберген өскемендік жігіт полицияға «мүлкім қолды болды» деп жалған хабар берген.
Тәртіп сақшылары 32 жастағы жігіттің шағымынан кейін тергеу жүргізуге кіріседі. Арызданушы 28 жастағы танысын күдікті ретінде көрсеткен.
– Бірақ тергеу барысында екі азаматтың бірге ішімдік ішіп, артынша телефон мен ноутбукті ломбардқа апарып, 50 мың теңгеге өткізгені анықталды. Ал ақшаны ішімдікке жұмсаған, – деп мәлімдеді Өскемен қаласының полиция басқармасы..
Полицияға жалған ақпар берген қала тұрғыны қылмыстық кодекстің 419 бабы 2 бөлігі бойынша айыпталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Комментарии (0)