Өскеменнің трамвайларына жарнама жапсыруға тыйым салынады
19.11.2019 | 14:57
0
100
Өскемендегі трамвайлардың барлығы бір түске боялады, деп хабарлайды «Өскемен көлік компаниясы».
Трамвай паркі бұдан былай вагондарға жарнама қағаздар ілінбейтінін мәлімдеді. Жылдың соңына дейін вагондардың барлығы бір стильге келтірілмек.
– Жаңа жылда трамвайлардың сыртында жарнама қағаздары болмайды, – деді «Өскемен көлік компаниясының» жетекшісі Михаил Чайка.
Пікірлер (0)
Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.