Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 11 тамызына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Ертістің "Робинзондары" немесе қалт-құлт еткен қайықтағы оқушылар

0

Өскемендегі 12 үй күн сайын Ертістен қайық арқылы өтіп жүр. «Алтайнюс» тілшісі ерекше тұрмыс кешіп жатқан ауылдың жағдайымен арнайы барып, танысып қайтты.

Саяжайдан сая тапқандар

Өскемен су электр стансасының бөгетін 500-ден астам үй жағалай орналасқан. Шатқалдағы саяжайда жыл он екі ай тұратындар да бар. Олардың саны 200 үйге таяу. Соның ішінде 12 үй сыртпен тек ескекті қайық арқылы байланысуға мәжбүр.

Өткен ғасырдың ортасында Өскемен гидро электр стансасы қолданысқа берілді. Алып бассейннің жағасында саяжайға таптырмайтын орын пайда болады. Тәуелсіздік жылдары қалаға жөңкілген қазақтар пәтер жалдауға жағдайы жетпеген соң осы саяжайларды үйге айналдырған.

Елді Ертістің бетінде қыдыртып, нәпақа тауып жүрген қайықшылар бізді ГЭС-тің іргесіндегі 40-50 үйі бар ауылға бағыттады. Ал қайық арқылы қайтынайтын 12 үй сол ауылдан 6 шақырым жерде жатқан болып шықты.

Қайықшылар нұсқаған үйлерге абақтының дәлізіндей темір торлы құрсаудан салынған жаяу көпір арқылы өттік. Алып бөгетті қабырғалай салынған көпірдің ұзындығы бір шақырымға таяу. Жол-жөнекей бірнеше адамға жолықтық. Өзін Ирина деп таныстырған егде әйел жаяулықтың зары әбден өткенін, әсіресе үлкен жүк тасымалдау қиын екенін айтады.

«Қайық жалдауға көбіміздің жағдайымыз жоқ. Сондықтан амалын тауып, бөгет ішіндегі төте жолды ашқызамыз» - дейді тұрғын.

Ал бірнеше жас өздерін мұнда қыдырып келген қалалықтармыз деп таныстырды. Біз кері қайтқанда әлгі «қалалықтар» қарсы жолықты. Жағаға шыққан бетте ГЭС-тің аумағы әскермен күзетілетінін ескерткен тақтайшалар қарсы алды. Сәл жүрген соң Алтай ауданынан азынап келе жатқан пойыз жолымызды кесті. Теміржолдан аттап, ауылға кірдік.

«1993 жылдан бері осында тұрамын. Баламның бәрі есейген. Қазір әйелім екеуіміз ғана қалдық. Жастардың мұнда тұрақтағысы жоқ. Жедел жәрдем, өрт сөндірушілер сирек келеді. Дүкенге бір барғанда молынан қамтуға тырысамыз. Бір ауылдасымыз сауда дүңгіршегін ашып көрген. Көп өтпей, жауып тынды. Бір жақсысы, бұл жер қаланың даңғазасынан ада. Сол тыныштыққа малданып, көшпей отырмыз. Көшем деген күннің өзінде үйдің өтуі екіталай».

Бұл Владимир Зиновьев дейтін теміржолшының айтқаны. Ауласы қыздың жүгіндей жинақы. Бригадирі Ернұр Кәрімовтпен қоржын үйді бөлісіп тұрып жатыр. Бертінге дейін ауылда құдық болмапты. Ертістің суы соңғы 10 жылда ғана ішуге жарамсыз күйге түскен дейді өздері. Қазір әр аулада құдық бар. Аузында бір-бір қара құлып. Үй иесінен су сұрап іштік. Аздап құм татитындай.

Енді көшпейтін шығармыз...

«Өзім Ұлан ауданының Сағыр ауылында туып-өскем. Тоқсаныншы жылдары жұмыссыз қалдық. Қайын жұртым осында жұмыс бар деп шақырған. Басында оңды жұмыс тапқанша амалдай тұрармын деген үмітпен келіскем. 26 жыл тұрыппын. Ұл ұяға, қыз қияға кетті. Ширек ғасырым өте шығыпты. Енді көшпейтін шығармыз. 50-ден асқан мен сияқтыларға басқа жұмыс табу қиын ғой. Мал ұстаймын. Қорамыз ауыл шетіндегі бөктерде. Мал ұрлығы қатты. Сондықтан көршімен кезектесіп күзетуге тура келеді. Қыста қатынау қиын демесеңіз, тұруға болады. Көмір, жемшөп әкелер кезде СЭС басшылығына өтініш жазамыз. Бөгет ішіндегі төте жолды сонда ғана ашады. Басқа кезде террористік қауіпсіздік ережесі бойынша жабық. Ал төтенше жағдай, жедел жәрдем көліктері кедергісіз өтіп жүр. Қыста біз аш қалмас үшін алғашқы қар түсе салысымен әкімдік өкілдері тізім алып кетеді. Мыза көшесіндегі толайым базар бағасы бойынша керек-жарағымызды бір қысқа қамдап береді. Оның өзі үлкен көмек» - дейді Ернұр Кәрімов.

Соңғы жылдары бұл ауыл курорттық аймаққа айналады деген сыбыс жиі айтылып жүр екен. Ондай болса, мал бағуға тыйым салына ма деп алаңдайды жағалаудағы жұрт.

Кезінде мұнда қарттар үйі болыпты. Шлактан соққан қос қабатты ғимарат қазір барақтың қызметін атқарып тұр. Екі подьезде бар-жоғы 4 отбасы тұрады. Ересектер жұмыста болса керек, ауладан екі бозбаланы ғана жолықтырдық. Политехникалық колледждегі сабағынан ерте босаған екеу ауылда «ит аузына ағаш тығып жүр».

Инфрақұрылым атаулыдан кенде қалған қос қабатты үйдің тұрғындары да қыста көмір жағады. 4 пәтерде мектеп жасындағы балалар бар көрінеді. Білім үшін олар да ересектерден қалыспай, бір шақырымдық көпірді еңсеріп, Аблакет кентіне автобуспен қатынайды.

Ескегіңді берші маған...

Негізі, бұл ауылға құрлық арқылы да қатынауға болады. Ол үшін Өскеменнің өзге қиырындағы Жыланды ауылы арқылы көпірден өтіп, 25 шақырым жол жұру қажет. Екі жыл бұрын көпірді су қозғап, құрлық арқылы байланыс біржола үзілген екен. Көктем шыққалы жөндеу жұмыстары жандаған көрінеді. Көпір қалыпқа түскен күннің өзінде СЭС жағасына жету үшін көлігіңіз жол талғамайтын болғаны абзал. Асты аласа мәшинемен шықсаңыз, өркеш тастардың біріне аспақталып, жолда қалуыңыз әбден мүмкін.

Осы азапты жолдың бойында Ертістің тұтқынындағы 12 үй жатыр. ГЭС пен арадағы қашықтық – 6 шақырым. Қайықшылар «таксиге» шықпаған күндері осыншама аралықты жаяу еңсеруге тура келеді.

Өздері бұл мекенді «Басов заимкасы» деп атайды. 12 үйің бәрінде Катонқарағай, Тарбағатай, Күршім сияқты алыс аудандардан қоныс аударған қазақтар тұрады. Ешбірі қыстаудың атын иеленген Басовтың кім болғанын білмейтін болып шықты.

«Арғы бетке өту үшін кісі басына 200 теңге төлейміз. Ол жақта «Шлюзная» аялдамасынан автобусқа отырып, діттеген жерімізге жетеміз. Қайықшылардың бәрі жұмыссыз. Осы кәсіп арқылы нәпақа айырып отыр. Телефон арқылы уағдаласып барып шығамыз.

Кейде ауыздарына ащы су тисе, көліксіз қаламыз. Ондайда жаяу көпірге қарай салпаңдаймыз» - дейді Айнагүл Төлепбергенова есімді тұрғын. Осыдан 15 жыл бұрын Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылынан қоныс аударған әйел балаларын осы қыстауда аяқтандырып, қазір жолдасымен жалғыз қалған.

«Қайным аттан құлап аяғын сындырып алды. Жедел жәрдем үш сағат дегенде әрең келді. Соны ауруханаға апарып қайтқан бетім осы. Соңғы жылдары мал ұрлығы жиілеп кетті. Былтыр ғана 12 үйден 11 бас сиыр, екі бас жылқы жоғалды» - дейді Айнагүл Төлепбергенова.

Бұл үйлердің бар қайғысы жол қатынасы ғана емес. Елді мекен саяжай коперативі ретінде тіркелгендіктен, электр қуатын жекенің меншігіндегі стансадан алып отыр.

«Кооператив мүшесі ретінде жылына 15 мың теңге төлейміз. Ал жарық үшін айына 12 мың теңге шығып жүр. Жол азабын желеу еткен көмір тасымалдаушылар биыл бір рейске 30 мың тег алды. О баста бұл жерге пәтер жалдап тұрғанша өз үйіміз болсын деп келген едік. Қазір шығыны пәтер жалдау ақысымен бірдей» - дейді тасадағы қыстаудың тұрғыны.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 12:21

ШҚО-да жеке куәлікті жедел дайындатуға болады

Бүгін, 12:18

Карантинді жеңілдету. Премьер-министр бейсенбіге дейін тапсырма берді

Бүгін, 12:03

Семей тері-былғары комбинаты қайта жұмысқа кірісті

Бүгін, 11:33

ШҚО тұрғыны Бұқтырмада жоғалып кетті

Бүгін, 11:26

Жабайы жануарлар "қала аралағыш" болып барады - ШҚО

Бүгін, 11:16

Көпір салына ма, салынбай ма? Күршімнің паромы қайта-қайта сынып тұр

Бүгін, 10:36

Covid-19: ШҚО-да 97 науқас емделіп шықты

Бүгін, 09:45

Гагарин бульваріндегі жол жөнделді – Өскемен

Бүгін, 09:00

ШҚО-да өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 08:45

Семейдің медициналық мекемелеріне жаңа автокөліктер берілді

10.08.20, 20:11

Археологияның айналасындағы әңгіме. Тұрғындар мүлдем бейхабар

10.08.20, 19:35

Археологиялық жұмыстардың кесірінен бе? Тарбағатайдың әкімі не дейді?

10.08.20, 18:00

COVID-19: "Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды" - министрлік

10.08.20, 17:15

KAZ Minerals ШҚО ауруханаларына көмек көрсетуде

10.08.20, 16:37

ШҚО-да Абай Құнанбаевқа арналған кітап көпшілік назарына ұсынылды

10.08.20, 16:00

Abai175: ШҚО әкімі Семейде ескерткішке гүл шоқтарын қойды

10.08.20, 15:33

"Абай жолы" эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

10.08.20, 15:00

Семейлік бес жасар бүлдіршін Абайдың өлеңдерін жатқа айтады

10.08.20, 14:34

Өскемен-Шемонайха тасжолында автокөлік аударылып қалды

10.08.20, 13:37

Семейдегі жаңа көпір жабылды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 12:21

ШҚО-да жеке куәлікті жедел дайындатуға болады

Бүгін, 12:18

Карантинді жеңілдету. Премьер-министр бейсенбіге дейін тапсырма берді

Бүгін, 12:03

Семей тері-былғары комбинаты қайта жұмысқа кірісті

Бүгін, 11:33

ШҚО тұрғыны Бұқтырмада жоғалып кетті

Бүгін, 11:26

Жабайы жануарлар "қала аралағыш" болып барады - ШҚО

Бүгін, 11:16

Көпір салына ма, салынбай ма? Күршімнің паромы қайта-қайта сынып тұр

Бүгін, 10:36

Covid-19: ШҚО-да 97 науқас емделіп шықты

Бүгін, 09:45

Гагарин бульваріндегі жол жөнделді – Өскемен

Бүгін, 09:00

ШҚО-да өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 08:45

Семейдің медициналық мекемелеріне жаңа автокөліктер берілді

10.08.20, 20:11

Археологияның айналасындағы әңгіме. Тұрғындар мүлдем бейхабар

10.08.20, 19:35

Археологиялық жұмыстардың кесірінен бе? Тарбағатайдың әкімі не дейді?

10.08.20, 18:00

COVID-19: "Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды" - министрлік

10.08.20, 17:15

KAZ Minerals ШҚО ауруханаларына көмек көрсетуде

10.08.20, 16:37

ШҚО-да Абай Құнанбаевқа арналған кітап көпшілік назарына ұсынылды

10.08.20, 16:00

Abai175: ШҚО әкімі Семейде ескерткішке гүл шоқтарын қойды

10.08.20, 15:33

"Абай жолы" эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

10.08.20, 15:00

Семейлік бес жасар бүлдіршін Абайдың өлеңдерін жатқа айтады

10.08.20, 14:34

Өскемен-Шемонайха тасжолында автокөлік аударылып қалды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: