Өскеменнің ықшам аудандарындағы жаңартулар

1. Мұзтаудың мұзбалағы
ЖМК ықшам ауданындағы Оралхан Бөкей мүсіні 2021 жылы жаңартылды. Мүсіннің өзі қоладан, ал тұғыры қатты граниттен жасалған. Монументтің жалпы биіктігі — 4,8 метр.
2. Тәуелсіздік монументі.
Өткен жылдың соңында орнатылды. Монумент биіктігі 15,6 метрді құрайды. Басты ерекшелігі — Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың және үш бидің алып мүсіндері орнатылған. Архитектуралық мүсіннің төменгі бөлігінде «Жеті жарғы» Заң үзінділері, ортасында Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты» деген дәйексөзі келтірілген.
3. «Өскемен» аллеясы.
Бұл ЖМК ықшам ауданындағы жаяу жүргіншілер аллеясы. Ұзындығы бір шақырымнан асады. Саябақта орындықтар, әткеншектер, түрлі спорттық жабдықтар, сондай-ақ балалар алаңы бар.
Еркежан ОРАЛҒАЗИНА