KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Астанамыздың көркі тіпті еселеніп кеткендей (фоторепортаж)

5.07.2018, 11:27 182

Міне, Арқа топырағына аяқ басып тұрмын. Ай дидарлы Астана. Қарасаң, көркіне көз сүрінеді. Алда туған күні таяп келе жатқандықтан ба, елордамыздың көркі тіптен еселеніп кеткендей.



Сол бір дүбірлеп келе жатқан тойға Шығыс жұрты тамаша тарту жасады дегенді естімген ел жоқ шығар. Ол – Астанадағы ең үлкен су бұрқақ. Әуежайдан шыға салып соны көруге асықтым. Мені тосып алған серігім Дәулет Қалымбетов:



– Ортасында орналасқан алып тайқазаннан су атқылағанда, кәдімгі қайнап жатқан қазан секілді көрінеді. Оның үстіне әуен ойнап, су түрлі түске боялып тұрады. Түнде тамашалаған өте керемет, – деп ынтықтыра түсті.


Қабанбай даңғылы бойындағы «Астана арена» аялдамасынан түсіп, Ботаникалық саябаққа да беттедік. Жолдың арғы бетіне өткен бойда ұзыннан ұзақ жеңіл релісті желі жүйесі салынып жатыр екен. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны көрініп тұр.


Саябаққа да жеттік. Алдымызда қалың ағаш, велосипетке және жүгіруге арналған жолдар салыныпты. Анадайдан алып тайқазан бірден көзге түсті. Таяп келгенде мәр-мәр тастағы алтынмен апталған «Гүлдене бер, ел жүрегі – Астана! Шығыс Қазақстандықтар атынан» деген жазуы анық көрінді. Туынды мінсіз! Айдан анық көрініп тұр.


Өкінішке орай, су бұрқақтың атқылағанын көре алмадым. Құрылыс жұмысы әлі аяқтала қоймаған. Ойдағыдай туынды шығу үшін енді біраз уақыт керектігін сол жердегі Самат есімді құрылысшы жігіт айтты.



Саябақта тағы екі қарияға кез болдым. Аз-кем әңгіме-дүкеқұрдық. Екеуі де зейнетке шыққан көрінеді. Бірі сексеннңғ сеңгірінде, екіншісі жетпістің жотасында. «Осы саябаққа таяу тұрамыз, күнде серуенге шығу әдетке айналды» деп сыр бөлісті қарттар.


– Жалпы Астанамызды осында көшіргені Елбасымыздың көрегендігі болды. Зейнеткерлердің мұнда жағдайы жақсы, қоғамдық көлікте тегін жүреміз, әр түрлі шарларға қатысамыз. Бұл жетпістегі Қайрат Қожақметовтің сөзі еді. Ал сексендегі Болат қария:

– Жас кезімде спортпен көп шұғылдандым. Әлі күнге дейін жүгіріп тұрамын – деп сөйледі. Қария әкімшілікте жұмыс істеп, Астананы салуға қосқан үлесі үшін екі бірдей медальмен марапатталған екен.

Мен қарттармен сауласып, саябақтың екінші жағындағы кіре берісіне шыққанда «Қазақ еліне мың алғыс!» монументі мұндалап тұр еді.



Бұл ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезінде қазақ жеріне жер аударылып, пана тапқан ұлттардың қазақ халқына алғысының көрінісі. Ескерткіште кавказ, кәріс ұлтының екі ұлы мен еуропалық қыз бала және оларды бауырына тартқан қазақ келіншегі бейнеленген. Ескерткіштен ары қарай Ұлы тау аллесы жалғасып жатты. Ұлы тау алллесының фото репортажын алдағы уақытта көре аласыздар.





Тілеубек Шаяхмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив