Өскемен
-11°
пасмурно ветер 1,6 м/с, ЮВ
456.98 489.43 6.45

Ұлыбританиядағы «Ұлы дала алтыны» көрмесі әлемнің үздік бес көрмесінің бірі болып танылды

9.03.2022, 17:55 1 854 0 Мадина Амангелдіқызы

Халықаралық беделді "Apollo" өнер журналы 2021 жылдың әлемдегі үздік бес көрмесін анықтады. Рейтингтің көш басында "Ұлы дала алтыны" көрмесі бар. Әрине, бұл кездейсоқ емес, өйткені Шығыс Қазақстанның бірегей жәдігерлер талғампаз еуропаның таңданысысн тудырып, өзіне баурап алды.

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.37.12 (1).jpeg

Ұлыбританияда өткен «Ұлы дала алтыны» көрмесі ерекше әсер қалдырды. Онда ежелгі жауынгерлер – сақтарға тиесілі алтын бұйымдар қойылды. Жәдігерлердің жасы үш мың жылға жуық. Көрмеге қойылған бұйымдар еуропалықтарға ежелгі көшпенділердің ержүрек жауынгер ғана емес, болатты балқытып, темірден түйін түйген, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан хас шеберлер болғанына көз жеткізді. Айта кету керек, көшпелілер өркениетін әлемге ашатын мұндай шара Еуропада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.24.53.jpeg


Тері мен киізден жасалған алтын әшекейлер, қыналар, ғажайып түрде сақталған киім-кешек элементтері мен әбзелдер – Шығыс Қазақстан қорғандарынан алынған 15 мыңнан астам бірегей жәдігерлер. Ұлыбританиядағы көрменің жабылуы осы жылдың қаңтар айының соңында өтті, бірақ ол өзінің «миссиясын» орындады – Шығыс Қазақстаннан табылған заттардың арқасында әлем ежелгі көшпенділердің мәдениетіне, қолөнеріне, зергерлік ісіне жаңаша көзқараспен қарады. Шетелдік мамандар таңданысын жасырмады. 

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.37.14.jpeg

«Бұл бірнеше ай бұрын ғана табылған нысандардың арқасында әлем тарихын қайта жазудың ерекше мүмкіндігі пайда болды. Кембриджде біз үшін ең маңыздысы жәдігерлердің өзін ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда қолданылған бүкіл археологиялық үдеріс пен сараптаманы көрсету», - деді көрменің ашылу рәсімінде музей директоры Фицуильяма Люк Сайсон. Оның айтуынша, бұл көрме арқылы Ұлыбритания мен бүкіл әлемнің ерекше назары ауып, көшпенділер мәдениетімен танысуға мүмкіндіктері туды. Тіпті шетелдік баспасөзде бұл көрме көшпенділер туралы ойды өзгертіп, жаһан жұртшылығына сақтардың тарихына қатысты мүлде тың деректерді көрсетті деп жазды. 

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.37.14 (1).jpeg


Көрменің ашылуына арнайы қатысқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, экспозицияда бабалар қолынан шыққан шынайы жауһарлар ұсынылған және бұл туындылар ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі бар екенін көрсетеді. 

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.37.13.jpeg


Еске салайық, жәдігерлерді отандық археологтар Шығыс Қазақстандағы сақ элитасының қорғандарынан біздің дәуірімізге дейінгі 7-6 ғасырларда тапқан. Бұл кезең ежелгі қазақ тарихында «алтын ғасыр» деп те аталады. Экспозицияның ерекшелігі - біздің дәуірімізге дейінгі 6-5 ғасырларға жататын жас садақшы – жаңа «алтын адамның» жерлеуі. Оның киімінде 15 000 алтын бұйымдар бар. 2018 жылы оның қалдықтары мәңгі мұзда сақталған, керемет зергерлік бұйымдар мен қару-жарақпен қоршалған күйде табылды. 

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.24.49.jpeg


Зерттеу жұмыстары Қазақстанның жетекші археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен жүргізілді. Демек әлемдік деңгейдегі табысқа жету, Шығыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан мақсатты жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болды деуге толықтай негіз бар. 

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.24.49 (1).jpeg


2016 жылдан бастап облыста «Шығыс Қазақстан облысында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» жүзеге асырылуда, нәтижесінде тарихи-мәдени мұраны зерттеуде ауқымды жұмыстар атқарылды. 

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.24.50.jpeg


Облыстық музей қоры 26 мың бірегей жәдігермен толықты, олардың бір бөлігі «Ұлы дала алтыны» экспозициясында қойылған. Дегенмен, 2022 жылы Шығыс Қазақстанда археологиялық жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Ұлан ауданындағы «Ақбауыр» кешені, Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы қорымдары, Катонқарағай ауданындағы Аққайнар қорымдары, сақ дәуіріндегі Шу қорымдары зерттеліп,Тарбағатай, Шыңғыстау және Қалба жотасының етегіндеде зерттеу жұмыстары жүргізілмек.

Демек, қазақстандықтарды, бүкіл әлем қауымдастығын жаңа жаңалықтар күтіп тұр деп сеніммен айта аламыз.

WhatsApp Image 2022-03-09 at 13.37.11.jpeg

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив