KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Берекелі жәрмеңке - Глубокое

16.11.2021, 18:04 2 627

Өскеменде дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Елді мекендерден жеткізілген өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен саудаланды. Бұл жолы Глубокое ауданы ұсынған ет, сүт пен көкөніс өнімдері саудаланған.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 16.48.30.jpeg

Облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Апта сайын өткізілетін шараға бұл жолы Черемшанка, Малоубинка, Опытное поле, Белоусовка, Краснояр, Алтай, Секисовка, Ушаново ауылдық округтерінен өнімдері әкелінді.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 17.50.04.jpeg

Бұл жерде тұрғындары тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтағы бағадан арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар.

- Таңертең 6-дан бастап тұрмыз. Глубокое ауданының жәрмеңкесі өтетін болса, өнімізді саудалап келіп тұрамыз. Халыққа керекті әрі қолжетімді бағада барлығы бар мұнда. Алам десе болды. Осыны ұйымдастырып отырған әкімдікке де алғыс, - дейді ауылшаруашылық жәрмеңкесіне етін саудалап келген Сәуле Маратқызы.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 17.50.03.jpeg

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі қазіргі күні Виноградова 17а мекен-жайында «Дос-нар» таңғы 7-ден түскі 13:00-ге дейін өтіп жатыр. Тауар өндірушілер  жәрмеңкеде халық санынын аздығын айтуда.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 16.48.29 (1).jpeg

Бұдан бөлек, аудан орталығындағы жеке кәсіпкерлер тарапынан жеткізілген жеміс-жидек, көкөніс, азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмендетілген бағада саудалануда.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 16.48.29.jpeg

Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы әрі бағасының тиімді екендігін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 16.48.30 (3).jpeg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив