"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы" Глубокое ауданында көрме ашылды

Глубокое ауданының орталық кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көрмеде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының барлық кезеңдері айқын көрсетілген.
Желтоқсан оқиғасы мен Алаш Орда тарихына ерекше көңіл бөлінген.
Кітапханашы Наталья Гутенконың айтуынша, оқырмандар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітаптарға қызығушылық танытады.
Көрмедегі кітаптар үлкен сұранысқа ие көрінеді. Оқушылар бұл еңбектерді рефераттар жазу үшін пайдаланса, аға буын 30 жылдағы маңызды оқиғалар туралы кеңірек оқып-білуге құмар.
Кітапхана қызметкерлері көрмеге арнайы брошюралар дайындап, аудан орталығының тұрғындарына таратуда.
«Тәуелсіздіктің 30 жылы» стендінің жанында «Бір ел – бір кітап» акциясының стеллажы орналасқан.
– Бұл көрмеде поэзия, драматургия, проза, аударма және балалар әдебиеті сияқты 5 жанрдан тұратын 30 кітап бар. Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен балалар кітаптарына ерекше көңіл бөлеміз, – дейді Ұлттық бөлімнің кітапханашысы Маржан Қасенова.
Кітапхана оқырмандарын қызықтыратын тағы бір стеллаж атақты қос ақын – Мұқағали Мақатаев пен Сергей Есенинге арналған.
Ауданның бұл кітапхана облыстағы ең бай кітапхананың бірі. Мұндағы кітап қоры – 50 мыңнан асады.
Кітапханада музыка туралы кітаптар бір төбе.
Сондай-ақ туған өлке – Глубокое ауданы туралы басылымдар да мен мұндалап тұр.