KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

3.12.2020, 18:35 278

Тұңғыш Президент күніне орай аудан орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған 20 отбасы қоныс тойын тойлады.


Шекаралық аудандарды дамытудың Кешенді жоспарына сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында және мердігерлердің жеке қаражаты есебінен Үлкен Нарында биыл екі пәтерлі 10 тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді.

6573f3e8-d862-4788-8574-aba80700a8a1.jpg


Бой көтерген жаңа баспаналар аудан орталығының солтүстік бөлігінде республикалық трассаның маңында орналасқан. Жеке тұрғын үйлер орналасқан бұл ауданда енді   жаңадан салынған тағы 10 үй қосылды. Тіпті жаңадан көше пайда болды.


Екі пәтерлі үш тұрғын үй Виктор Иасабаев басшылық ететін «Жарма Құрылыс Газ» ЖШС-нің күшімен салынды. Жеті үй «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бой көтерді.

061b4714-b796-488b-ac4a-c2667c7a4f59.jpg


Жаңа пәтер кілттерін табыстау шарасы Тұңғыш Президент күні мерекесімен сәйкес келді. Қоныс тойын тойлағандардың арасында 6 көпбалалы отбасы, сонымен бірге, жас мамандар мен кезекте тұрған басқа да санаттағы тұрғындар бар.


Айтуылы мерекеде аудан әкімі Ренат Құрмамбаев жиналғандарды Тұңғыш президент күнімен құттықтап, салтанатты шара қатысушыларына ізгі тілегін жеткізді.

0af7b8b5-0106-40ff-b437-8e6482d59d19.jpg


-Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тәуелсіздігінің негізін қалады. Оның сарабдал саясатының арқасында көпұлтты мемлекетімізде бірлік пен ынтымақтастық орнады. Небәрі ширек ғасыр уақыттың ішінде елімізді бүкіл әлемге танытып, байрағы биік мемлекетке айналдырды. Сондықтан, Тұңғыш Президенттің еліміздің дамуындағы атқарған еңбегі мен алар орны орасан зор, - деп атап өтті аудан әкімі. – Өткен жылы 14 көпбалалы және аз қамтылған отбасы баспанамен қамтылды. Биыл бұл игі бастама тағы да жалғасын тапты. Біздің басты міндетіміз – аудан халқын жайлы баспанамен қамтамасыз етуге барынша жағдай жасау, қолдау көрсету. Келесі жылы да ауданымызда осындай тұрғын үйлер салып, тұрғындар игілігіне беретін боламыз.


Салтанатты жағдайда көпшіліктің қошаметімен аудан басшысы пәтер кілттерін табыстау рәсімін өткізді. Жаңа баспанаға ие болған көпбалалы ана Назым Ақанова отбастарына қуаныш сыйлаған Мемлекет, облыс, аудан басшылығына алғысын жеткізді.


Ауылдың құрметті ақсақалы Мырзабек Смағұлов қазақтың ата салты бойынша жаңа қонысқа ие болған жандарға өзінің ақ батасын берді.

6386fde2-ae9e-49f7-ac69-38364a569904.jpg


Жаңа үйлер орын тепкен көшеге бұдан былай аудан тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры А.Г.Огневтің есімін беру туралы бастаманы шарада аудандық Достық үйінің директоры Наталья Гостеева көтерді.


-Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтті. Сол себепті, жаңа көшеге А.Огневтің есімін беруді ұсынғым келеді, - деді ол.

735b1579-1597-4256-89c9-4977895721ef.jpg


Салтанатты шара да аяқталып болған соң, біз жаңадан қоныс тойлап жатқан көпбалалы аналардың бірі Айгерім Қайырдымен (суретте) жолығып, қуаныштарымен бөлісуін сұрадық.

-Біздің отбасымызда төрт бала өсіпк еледі. Тұрғын үй кезегінде 6 жыл тұрып келдік. Бүгін міне, көптен күткен қуанышымызға жетіп, баспанаға ие болдық. Осыған дейін біз жалдамалаы үйде тұрдық. Баспанамыз төрт бөлмелі, үлкен, бөлмелері жарық та кең. Мемлекетіміз бен жергілікті билік өкілдеріне көпбалалы отбасыларға көрсетіп отырған қолдауына көп рахметімізді айтамыз, - дейді Айгерім.


Ауданда тұрғын үй құрылысы шекаралық аудандарды дамытудың Кешенді жоспары негізінде жалғасын табуда.

 

Тимур Смағұлов,

Катонқарағай ауданы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив