KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Даниал Ахметов Өскемендегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады (Фоторепортаж)

3.12.2020, 17:26 104

ШҚО әкімі алдымен Өскемендегі Октябрь су жинау орталығында атқарылған күрделі жұмыстың барысымен танысты.

Сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бағдарламасының арқасында облыс орталығының Үлбі шағын ауданының 50 мың тұрғыны үздіксіз сапалы сумен қамтамасыз етілді.

Өскемендегі Октябрь су жинау орталығы


"Октябрь" су жинау орталығында 1958 жылдан бастап, яғни пайдалануға берілген кезден бері күрделі жөндеу жүргізілмеген еді. Енді орталық толық автоматтандырылып, судың шығынын азайтуға бағытталған индукциялық есептеу құралдары орнатылды.


Одан бөлек, Есенберлин даңғылынан Алматы тас жолы бағытындағы жаңа автожолдың құрылысына бардыЖалпы, бұл нысанды толық іске қосу келесі жылға жоспарланған.

WhatsApp Image 2020-11-30 at 14.24.33.jpeg


Мердігерлер тротуарларды, оң жақ бұрылыстарын, асфальттың соңғы қабатын жайып, жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстарын аяқтайды.

Облыс орталығында тағы бір жаңа балабақша өз жұмысын бастады. Жеке бизнестің МЖӘ жобаларына қатысу белсенділігі қуантады.

Бұл ғимарат көп жылдар бойы бос болды. Ал қазір мұнда әлеуметтік міндеттерімізді шешіп отырған керемет тәлім ошағы бар.

WhatsApp Image 2020-11-30 at 14.24.33 (2).jpeg

Жалпы, Өскеменде тек осы жылы ғана МЖӘ бойынша 4 балабақша пайдалануға берілді. Біздің облыс 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен толық қамтамасыз етеді. 1 жастан 3-ке дейінгі мәселені толық шешу үшін тағы екі жыл қажет.

Өңірде спорт ғимараттарының саны да артып келеді. ШҚО әкімі Даниал Ахзметов Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жүргізілген жөндеу барысын тексерді.

WhatsApp Image 2020-11-30 at 14.24.50 (1).jpeg

Жалпы, өңір бойынша биыл үлкен жұмыс атқарылды. Алтай стадионы қайта жаңғыртылды, Рыпакова орталығы еліміздің ғана емес, Азия құрлығының ең жақсы залдарының біріне айналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив