KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Глубокое ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде астық жинау науқаны аяқталды (фоторепортаж)

19.10.2020, 13:39 123

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы «Убинка XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы саласында 2012 жылдан бері еңбектеніп келеді.

 

Дәнді дақылдардан бидай, арпа, рапс, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі.

 

Бұл шаруа қожалығында заманауи және сапалы техникаға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын техника паркі 2-3 бірлікпен толықтырылатын көрінеді.

 

 

Мысалы биыл жаңа бүріккіш сатып алынды, оны ұйым басшысы «бүріккіштер Lamborghini» деп атапты.

 

Бұл көп функциялы қондырғы. Оның көмегімен біз егістіктерді жыл мезгіліне сәйкес қорғау құралдарымен, тыңайтқыштармен және басқа құралдармен өңдейміз. Машинаның өнімділігі де, жылдамдығы да жоғары. Бір сөзбен айтқанда шаруашылық үшін пайда шаш етектен.

Екі жылға есептелген инвестициялық жоба бойынша сағатына 12 мың тонна астық сақтау және 100 тонна астық кептіру мүмкіндігі бар элеватор салу қолға алынды. "Биыл бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр, келесі жылы жабдықтарды монтаждауды жоспарлап отырмыз", – дейді шаруа қожалығының басшысы.

Элеватор астық қоймасынан, астық тазалағыштан және өңдеу кешенінен тұрады. Яғни төрт бірдей үлкен конус тәрізді бөшке орнатылады. Ең биігі 35 метр болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив