Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 11 тамызына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Аяз ата біздікі емес екен

0

 

«Аяз ата біздікі емес екен». Мерекелік шараны жүргізушінің сөзі еді бұл әу баста. Қыдыр атаның дорбасы Аяз атанікінен әлдеқайда қомақты екенін көрген бүлдіршіндер сол сөзге имандай сеніп қайтты.

 

Бұл өзі балаларға Қыдыр дарыған күн болды. «Каролина» мейрамханасына екі-үштен бала жетектеген жас отбасылар ағылып жатты. Мақсаттары – Ұлыстың ұлыс күнінде Қыдыр атаның қолымен балаларына сый жасау. Сол арқылы Наурыз мерекесін жеткіншектердің ең сүйікті, сағына күтетін мейрамына айналдыру, жаңа жылды Аяз ата ертіп келеді деген түсініктен арылтып, төл мерекемізді төрге оздыру.

 

Тойға көбіне ата-әжесімен барып, мейрамхана дастарханынан тиіп-қашып дәм татып үйренген бөбектер мұндай құрметті күтпесе керек. Өздеріне бөлек жайылған мол дастарханнан тосырқап, әке-шешесіне қарайлаңқырап жүрді алғашында. Бұл кештің басты мейманы өздері екенін көп өтпей періште көңілдер түсіне қойды бірақ. Дәл бүгін оларға бәрі жарасымды еді. Даңғаза музыка мен асабаның саңқылдаған үнінен зәрезап болған мейрамхана қабырғалары да баланың шат күлкісі мен риясыз шаттығынан сергіп жатқандай сезілді.

 

Шараның басты сыйы Қыдыр ата болды.

 

«Аяз ата біздікі емес екен, балалар. Бұған дейін біреудің атасын малданып жүріппіз. Біздің атамыз Қыдыр болып шықты. Жетпіс жыл қызыл жалмауызбен айқасып, 30 жыл іштен шыққан жаулармен күресіп, бүгін ғана жетіпті. Келген беті осы екен. Тұңғыш рет сендерге келіп тұр. Шақырамыз ба?» - деді жүргізуші.

 

Жыл сайын алаңдағы концертте алыстан ғана көріп, батасына қол жаюмен шектеліп жүрген ересектеу балалар есік алдында Қыдыр ата келіп тұр деген сөзге алғашында сеніңкіремеді білем. Ал жасы кіші бөбектер бар даусымен айғайлап, «Қыдыр атаға» басқан бұл кезде. Аса таяғы қолында, ақ дорбасы арқасында, басына сәлде ораған еңселі қарт зор даусымен дүниені сілкіндіріп ортаға озды. Қыдырдың бейнесі шынайы шыққаны соншалық, ересектеу ер балалар «ассалаулап» қолдарын ала жүгірді. Ондай балаларға Қыдыр қарт та разы болып, Аяз атаның аузынан шыға бермейтін «айналайын» деген сөзді қайталаумен болды.

 

Баланың көңілін қабағынан ұғатын Қыдыр қарт таңдайы тесілгенше тақпақтап, бөбектердің тағатын тауыспай-ақ бірден іске кірісті. Шарты -  біреу. Өнер көрсет те, сыйлық ал. Бала талабынан бұрын ата-ананың тәлімі сынға түсер шақ бұл. Балабақша репертуары түгесілген шақта ересектері ерен қылық көрсетті. Бірі Абайдың «Заманақыр жастарын» толғаса, енді бірі Мұхтар Шахановтың «Әке үкімін» бастан-аяқ төкті. Махамбеттің басын жұтқан тоңмойын баласын оққа байлаған әке үкімі қатал  әрі  әділ еді. Бар-жоғы үшінші сыныпта оқитын баланың Наурызға осынша дайындалғанын көріп, Қыдыр атасы да қатты риза болды.  Сөйтсек, бала Мұхтардың әкесі әдебиет пәнінің ұстазы, ақын Мұратхан Месейханұлы екен. Әке көрген ұл өлеңнен оқ жонып жүр. Өнерден қаражаяу дегендер жаңылтпаш пен мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешіп жарысты. Қыста ғана Аяз атаны келеке еткен өлеңін Қыдыр атаға бейімдеп айтып, «қулығын» өткізгендер де болды.

 

Қыдыр ата келіп тұр,

 

Бізге сәлем беріп тұр.

 

Сәлеміңді қайтейін,

 

Сыйлық алғым келіп тұр, – дейді. Бала тілі - бал.

 

Бойы арба доңғалағынан аспайтын қалың баланың екі топқа бөлініп арқан тартысуы да қызыққа толы өтті. Намысқа шапқан бөбектер «жығылған күреске тоймайдының» кебіне түсіп, қайта-қайта айқасқа түсіп жатты. Жүлде алған сайын жігерленіп, екіленеді бір-бір үйдің еркелері. Сыйлықсыз қалған  бала болмады қысқасы. Аңыздар әлемінен қол бұлғап қана жүретін Қыдырдан сыйлық алу қаншама қуаныш сыйлағаны бөбектердің жүзінде жазулы тұрды. Соңында бәрі жиылып, осы сәтті мәңгілікке мөрлеген. Қалың бөбектің ортасындағы Қыдыр атадан көз жазып қалған бір баланың «Қыдыр ата неге бізбен суретке түспейді?» деп іздеуі кештің түйініндей болды.

 

Осындай ойлы дүниенің басында жас кәсіпкер Ернар Аманұлы тұр. Қыдыр атаға демеушілік жасап, дорбасын  сыйлыққа толтырып берген осы азамат. Ал идея авторы – әріптесіміз Мұратхан Кенжеханұлы.

 

-Қаңтардың алғашқы күндері болатын. Мерекелік демалыстардың бірінде басымыз түйісіп, әңгіме арасында Наурызды заманға сай тойлау жайын талқыладық. Сол кезде Мұратхан Кенжеханұлының айтқан ұсынысы еді. Биыл алғаш рет өтіп отырғандықтан, түрлі кедергілер болды. Ешбір дүкенде қыстағыдай жаңажылдық дайын дорбалар жоқ екен. Ұлттық нақыштағы ойыншық табу да оңай емес. Бар болғанымен оны кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Осы жағын ескеру керек сияқты бәрімізге. Балалардың да, ата-аналардың да қуанып жүргенін көріп тұрсыз. Бұл істі дәстүрге айналдырамыз, - дейді кәсіпкер.

 

Осы істің басы-қасында жүрген әріптесіміз де бұл ойды құптап отыр.

 

-Келер жылы бұдан да көп отбасын қамтысақ деген ойымыз бар. Осы жиында ақылдастар алқасы құрылды. Наурыз мерекесінің алдындағы жексенбі сайын осылай бас қосатын боламыз. Кеште тек балалар ғана өнер көрсететін болады. Сыйлықтарды әр баланың әуестігіне қарай түрлендірмекпіз, - дейді Мұратхан Кенжеханұлы.

 

Үш ай бұрын үстел басында айтылған әңгіме осылайша игі бастамаға ұласқан. Дәл осындай ұсынысты күні кеше ғана Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да көгілдір экран арқылы бүкіл қазақ еліне айтыпты. Шығыстың бастамашыл жігіттері ол кезде мейрам қамымен шапқылап жүрген болатын.

 

Көшпелі бабамыздан көнермей жеткен Наурыз мерекесі өміршең екеніне тағы бір көз жеткіздіқ. Мәдениеттанушылар сақ бабамыздың күн мен түн теңелген уақта ақ түйенің қарнын жарып, мал айтып, құрбан шалғанын айтып жүр. Ол рәсімнің қазір өзі дербес діни мейрамға айналғанын да көріп жүрміз. Демек, Наурыз уақытпен бірге түрленіп дами бермек.  Жарықтың түнекті, жылымықтың ызғарды, көктемнің қысты жеңетіні сияқты Наурыз да өзінің тиесілі орнын иемденеді әлі.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 12:21

ШҚО-да жеке куәлікті жедел дайындатуға болады

Бүгін, 12:18

Карантинді жеңілдету. Премьер-министр бейсенбіге дейін тапсырма берді

Бүгін, 12:03

Семей тері-былғары комбинаты қайта жұмысқа кірісті

Бүгін, 11:33

ШҚО тұрғыны Бұқтырмада жоғалып кетті

Бүгін, 11:26

Жабайы жануарлар "қала аралағыш" болып барады - ШҚО

Бүгін, 11:16

Көпір салына ма, салынбай ма? Күршімнің паромы қайта-қайта сынып тұр

Бүгін, 10:36

Covid-19: ШҚО-да 97 науқас емделіп шықты

Бүгін, 09:45

Гагарин бульваріндегі жол жөнделді – Өскемен

Бүгін, 09:00

ШҚО-да өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 08:45

Семейдің медициналық мекемелеріне жаңа автокөліктер берілді

10.08.20, 20:11

Археологияның айналасындағы әңгіме. Тұрғындар мүлдем бейхабар

10.08.20, 19:35

Археологиялық жұмыстардың кесірінен бе? Тарбағатайдың әкімі не дейді?

10.08.20, 18:00

COVID-19: "Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды" - министрлік

10.08.20, 17:15

KAZ Minerals ШҚО ауруханаларына көмек көрсетуде

10.08.20, 16:37

ШҚО-да Абай Құнанбаевқа арналған кітап көпшілік назарына ұсынылды

10.08.20, 16:00

Abai175: ШҚО әкімі Семейде ескерткішке гүл шоқтарын қойды

10.08.20, 15:33

"Абай жолы" эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

10.08.20, 15:00

Семейлік бес жасар бүлдіршін Абайдың өлеңдерін жатқа айтады

10.08.20, 14:34

Өскемен-Шемонайха тасжолында автокөлік аударылып қалды

10.08.20, 13:37

Семейдегі жаңа көпір жабылды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 12:21

ШҚО-да жеке куәлікті жедел дайындатуға болады

Бүгін, 12:18

Карантинді жеңілдету. Премьер-министр бейсенбіге дейін тапсырма берді

Бүгін, 12:03

Семей тері-былғары комбинаты қайта жұмысқа кірісті

Бүгін, 11:33

ШҚО тұрғыны Бұқтырмада жоғалып кетті

Бүгін, 11:26

Жабайы жануарлар "қала аралағыш" болып барады - ШҚО

Бүгін, 11:16

Көпір салына ма, салынбай ма? Күршімнің паромы қайта-қайта сынып тұр

Бүгін, 10:36

Covid-19: ШҚО-да 97 науқас емделіп шықты

Бүгін, 09:45

Гагарин бульваріндегі жол жөнделді – Өскемен

Бүгін, 09:00

ШҚО-да өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 08:45

Семейдің медициналық мекемелеріне жаңа автокөліктер берілді

10.08.20, 20:11

Археологияның айналасындағы әңгіме. Тұрғындар мүлдем бейхабар

10.08.20, 19:35

Археологиялық жұмыстардың кесірінен бе? Тарбағатайдың әкімі не дейді?

10.08.20, 18:00

COVID-19: "Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды" - министрлік

10.08.20, 17:15

KAZ Minerals ШҚО ауруханаларына көмек көрсетуде

10.08.20, 16:37

ШҚО-да Абай Құнанбаевқа арналған кітап көпшілік назарына ұсынылды

10.08.20, 16:00

Abai175: ШҚО әкімі Семейде ескерткішке гүл шоқтарын қойды

10.08.20, 15:33

"Абай жолы" эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

10.08.20, 15:00

Семейлік бес жасар бүлдіршін Абайдың өлеңдерін жатқа айтады

10.08.20, 14:34

Өскемен-Шемонайха тасжолында автокөлік аударылып қалды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: