Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 24 мамырына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

0

2570

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында өткен 130 шақырымдық аламан бәйге Ерболат Тоқсанов пен Сергей Рыбинді жылқы сүйер күллі қазаққа танымал етті. Елдің түкпір-түкпірінен атқұмар азаматтар хабарласып, бәйгеден келген аттың тегін сұрап жатқан көрінеді. Бұрын аламанға қатысып көрмеген аттың мұндай ауыр сынақта топ жаруында қандай құпия бар екенін білу үшін Алтайньюс тілшісі де жеңімпаз жылқышыға хабарласқан болатын. Телефон арқылы алынған сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 

Әуелі ат иесі Ерболат Тоқсановты әңгімеге тарттық.

 

- Жүлде құтты болсын! Тарпаңның тегін сұрап, қызығушылық танытушылар көбейген шығар?

 

- Рахмет! Оныңыз рас. Оңтүстік пен Батыстан өзім танымайтын адамдар хабарласып, Тарпаңның қайдан келген жылқы екенін сұрап жатыр. Бәрінікі таза қанды қазақ жылқысы емес пе екен деген үміт қой. Енді біреулер «130 шақырымды алқынбай өткен жүйрікке бергені 1 млн теңге ғана ма» деп қомсынып жатыр. Мәселе ақшада емес қой. Атқа да, аламанға шабатын шабандозға да халықтың қиқуынан артық құрмет жоқ. Осындай шара өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

 

- Сонда Тарпаңның тегін құпия ұстап отырсыз ба?

 

- Жоқ. Ешқандайда құпия емес. Шешесі де, әкесі де желісті тұқымнан тараған. Орыстар «рысак» деп атайды. 2003 жылы  көрші ауылдан 11 бас ұрғашы құлын сатып алғанмын. Содан өскен жылқының тұяғы ғой. Құлын кезінен Сергей өзі бағып, өсірген.

 

- Таңдау неге Тарпаңға түсті? Басқа да бәйге аттарыңыз бар емес пе?

 

- Осы аламанда мәреге аман жеткен аттың көбі аңға мінетін қылқұйрықтар екен. Біздің Тарпаң да сондай. Маңайдағы ауылдарға «жаманауыз» тыныштық бермей кеткенде Майемер ауылының Дидар деген жігіті, біздің қыстақтан Серега екеуі аңға шығады. Сергейдің ондай жортуылға мінетіні осы Тарпаң. Өтірік айтпасам, Тарпаңмен 6 қасқыр алған шығар.  Сергейдің өзі де таңдауды сондықтан осы атқа жасаған шығар. Дегенмен, осыған дейін де алыс қашықтыққа ат қосқан тәжірибеміз бар.

 

- Ол қандай тәжірибе?

 

- 2012 жылы Тарбағатай ауданында Қабанбай батырға ескерткіш орнатылып, үлкен ас берілгені есіңізде шығар. Сол кезде 41 шақырымдық аламан өтті. Мен Байшұбар деген жүйрігімді қостым сонда.  Екі айналым қалғанда бас бәйгеге тігілген «джипке» қызықса керек, біреулер тыңнан ат қосып жіберді де, Байшұбар екінші орын алып қалды. Әйтпесе сол кезде де бас бәйге біздікі болған. Бұл жолы ондай қаралық болған жоқ. Жігіттер бәрін әділ өткізді.

 

- Кешегі аламанға оралайық. Алдыңғы үш ат та Қатонқарағай ауданының жылқысы екен. Сонда нағыз төзімді аттар сіздерде сақталған ба?

 

- Олай деп айтуға келмейтін шығар. Біздің Қатонда қар қалың ғой. Ал Зайсанның жазығында оның бірі де жоқ. Бізде аттар омбыны омыраулап тіліп жүреді. Одан кейін біз әлі күнге дейін ат-шана қолданамыз. Катондық аттардың аламанның алдын бермеуі осыдан шығар деп ойлаймын өз басым.

 

- 130 шақырымға атты қалай баптадыңыздар? Жалпы ат баптауда қандай құпияларыңыз бар?

 

- Бұл сынға Тарпаңды біз емес жұмыс баптады десек дұрыс болар. Соңғы бес жылда шанаға жегіп, жұмысқа салып жүрміз. Жазда малға мініледі. Одан босаса, аңға мініп шығамыз. Сол мініс оны шымыр етіп шынықтырған. Ал 130 шақырымдық бәйгенің болатынын «Инстаграм» желісінен көрдік. Содан бастап, тамағын режимге алып, нормаға түсірдік. Қамау терін алу үшін 75 шақырымды шанамен еңсердік. Басқа алып бара жатқан құпиямыз жоқ. Кейбіреулер сәбіз, витамин беріп жатады ғой. Бізде ондай жоқ. Негізгі азығы - сұлы. Сұлыға бал қосып береміз. Өзіміз ара ұстаймыз. Сондықтан балға тапшылық жоқ. Арасында гүлдің тозаңын да қосамыз. Ол атқа күш береді.

 

- Шабандоз туралы не айтасыз?

 

- Сергей Рыбин 15 жасынан бері менің қасымда. Әке-шешесіз жетім қалғандықтан, өз қолыма алғанмын. Сол жақсылықты еңбегімен өтеп жүр. Қазір Тарпаң сегізде. Құлын кезінен өзі баптап өсірді. Бәйгеден соң Өскеменге сұранған, сонда жібердім. Қалған әңгімені өзінен сұрап аларсыз.

 

  Шабандоз Сергеймен де телефон арқылы хабарласып, тілдестік.

 

- Сергей, жеңіс құтты болсын! 130 шақырымнан кейін тақым қажалған шығар?

 

- Үнемі ат үстіндеміз ғой. Үйреншікті жағдай біз үшін. Елдер жайдақ шауып жатты. Ал біз ерін алған да жоқпыз.

 

- Тарпаңның қалы қалай? Тынықтырып жатсыздар ма?

 

- Тарпаң үнемі шанада жүрген ат қой. Құдды бәйгеге қатыспаған сияқты. Тып-тың, сол қалпы.

 

- Онымен қасқыр алған екенсіздер... - Құнан кезінен өзім ноқта салып, өзім үйреттім. Сондықтан өзге аттардың бәрінен маған Тарпаң жақын. Бос уақытымда ит жүгіртетінім бар. Тазы ертіп талай аңға шықтық қой. Иесін орта жолда қалдыру, үркіп қашу деген жоқ. Сенімді болған соң аңға мінеміз. Басы жұмсақ, елпек ат қысқасы. Мектеп бітіре салып Ерболат ағаға жұмысқа тұрдым. Содан бері ат үстінен түскен жоқпын. Ит пен ат - менің өмірімнің мәні. Ит болғанда қаланың үйден шықпайтын кәндені емес, даланың тазысы мен төбеті біздікі.

 

- Келешекте Тарпаңды өзге де жарыстарға қосасыздар ма?

 

- Маған салса, қоспас едім. Қанша көнбіс, төзімді десек те атқа оңай тимейді екен. Оны үстіндегі шабандоз ғана сезе алады. Жан жолдасымдай болып кеткен атты қинағым келмейді. Сырын білмейтін жерде жарысқа салу тіпті қиын. Інге аяғын тығып немесе тайып құласа мертігіп қалуы мүмкін. Одан да аңға мініп, қасқырға салып жүре бергенім тыныш.

 

- Әңгімеңізге рахмет!   

 

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 14:46

Демалыс күндері қайта суытады

Бүгін, 14:09

Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды

Бүгін, 12:52

ШҚО-да аудандық сот төрағасы жол апатынан қаза болды

Бүгін, 12:36

Өскеменде есірткі сатушылар құрықталды (видео)

Бүгін, 12:18

Қазақстанда 5G байланыс желісі енгізіледі

Бүгін, 12:07

Өскеменнің бірнеше көшесінде бес күнге ыстық су тоқтатылады

Бүгін, 11:55

Өскеменде «Шахмат үйі» пайда болады

Бүгін, 11:29

"Маған сыйлық керек емес", - Батыр бала ШҚО-да болған оқиғаны айтып берді

Бүгін, 11:20

Қазақстандағы науқас балалар шетелде емделе алатын болды

Бүгін, 11:06

"Алтайдың" бұрынғы бапкері "Жетісуға" келді

Бүгін, 10:41

Аягөзде жасы 80-нен асса да мотоциклмен жүретін апа бар

Бүгін, 10:00

Тараздағы Көкпар чемпионаты. ШҚО құрамасы үшінші орынға таласады

Бүгін, 09:59

Әлемдік брендтердің биылғы мықтысын біле жүріңіз!

Бүгін, 09:46

Өскеменнің екі көшесінде жылдамдықты 40-тан асыруға болмайды

Бүгін, 09:21

Өскеменнің полицейлері одан сайын күшейтіледі

Бүгін, 09:00

24 мамыр: ШҚО-да күн жылынады

Бүгін, 08:45

Күршімдегі дауыл: Теректерді түбірімен қопарып кетті (ВИДЕО)

23.05.19, 19:45

ШҚО-да "40 мың гектарға" қатысты мәлімдеме жасалды

23.05.19, 17:40

Өскемендегі Жамбыл Жабаев ескерткішінің орынына жаңасы қойылады

23.05.19, 17:28

Тарбағатай ауданында спартакиада өтті

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

02.04.19, 15:45

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

15.05.19, 20:00

Youtube желісіндегілер қазақтың намысшыл жігітіне рахмет айтып жатыр (ВИДЕО)

15.05.19, 11:59

ШҚО-ның барша жас келіні шәй демдеуден сайысып жатыр (ФОТО)

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

28.04.19, 12:27

Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

19.04.19, 17:14

"Бұйрыққа қол қойылды" Бердібек Сапарбаев атаулы көмектің кімдерге берілетінін айтты

15.04.19, 11:27

Еуропа елдері Lada маркалы көліктерден құтылып жатыр

01.04.19, 10:11

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

Бүгін, 14:46

Демалыс күндері қайта суытады

Бүгін, 14:09

Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды

Бүгін, 14:04

Спецназовцы поделились опытом со школьниками Усть-Каменогорска

Бүгін, 13:10

В Усть-Каменогорске задержаны распространители героина

Бүгін, 12:52

ШҚО-да аудандық сот төрағасы жол апатынан қаза болды

Бүгін, 12:36

Өскеменде есірткі сатушылар құрықталды (видео)

Бүгін, 12:20

В ВКО в течение трех месяцев крали скот в одном и том же крестьянском хозяйстве

Бүгін, 12:18

Қазақстанда 5G байланыс желісі енгізіледі

Бүгін, 12:07

Өскеменнің бірнеше көшесінде бес күнге ыстық су тоқтатылады

Бүгін, 11:55

Өскеменде «Шахмат үйі» пайда болады

Бүгін, 11:29

"Маған сыйлық керек емес", - Батыр бала ШҚО-да болған оқиғаны айтып берді

Бүгін, 11:20

Қазақстандағы науқас балалар шетелде емделе алатын болды

Бүгін, 11:06

"Алтайдың" бұрынғы бапкері "Жетісуға" келді

Бүгін, 11:02

Девять казахстанцев пострадали в ДТП в Италии

Бүгін, 10:41

Аягөзде жасы 80-нен асса да мотоциклмен жүретін апа бар

Бүгін, 10:03

В Усть-Каменогорске поставят дорожные знаки по заявкам горожан

Бүгін, 10:00

Тараздағы Көкпар чемпионаты. ШҚО құрамасы үшінші орынға таласады

Бүгін, 09:59

Әлемдік брендтердің биылғы мықтысын біле жүріңіз!

21.05.19, 20:55

Выборы-2019: как найти восточноказахстанцам себя в списках избирателей

17.05.19, 12:37

Пожилого любителя «экзотических» трав задержали полицейские Семея

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: