Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 29 қаңтарына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Өскеменде «Жұлдызай» фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

0

135

Өскеменде XIV «Жұлдызай» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Биылғы Жастар жылына тұспа-тұс келіп отырған өнер сайысы «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде өтіп, онда өңіріміздің қала, аудандарынан жиналған мүмкіндігі шектеулі 140 жас өнерпаз бақ сынады.

«Жұлдызайды» еліміздің барлық аймақтарындағы дарынды балалар тағатсыздана күтеді. Он төрт жылдық тарихы ішінде бұл шығармашылық байқау мыңдаған «ерекше» балалар мен жасөспірімдердің қабілеттерін ашып, тұлғалық дамуына, өмірде өздерінің лайықты орындарын табуына ықпал етіп келеді.

Биылғы фестивальдің ерекшелігі – халықаралық деңгейге көтерілуі. ТМД елдері мен алыс шетелдердің инклюзивті жобаға деген қызығушылықтарын ескере отырып, жоба ұйымдастырушысы «BI-Жұлдызай» қоры биылғы фестивальді халықаралық форматта өткізуді жөн көрген.

Дәстүрлі фестиваль аспапта ойнау, вокал, ыммен орындау, би сияқты төрт номинация бойынша өтті. Ал сурет және сәндік қолданбалы өнер номинациялары бойынша қатысушылар қолдарынан шыққан бұйымдарын суретке түсіріп, қазылар алқасына электронды нұсқасын жіберген.

Жыл сайын өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі дарынды балалардың басын қосатын өнер сайысында өнерпаздардың бірі әуелете ән айтса, енді бірі мың бұрала би билеп көрермендердің қошаметіне бөленді. Қатысушылардың ұлттық нақыштағы әдемі киімдерін киіп, бар өнерлерін ортаға салуы байқауға ерекше дайындықпен келгендерін көрсетеді.

-Қатысушылардың әрқайсысы болшақта кәсіби орындаушы, биші, суретші немесе дизайнер болуды армандайды. Бұл фестиваль үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жеңімпаздар мамыр айында өтетін ақтық сайыста еліміздің өзге қалаларынан және шет елдерден келген қатарлас өнерпаздармен танысып, араласады. Шығармашылықпен айналысатын балалар өте мейірімді, қайырымды болып келеді. Фестивальге қатысушылар саны жыл сайын артып келе жатқандығына қуаныштымын. Биыл облымыздың қала, аудандарында өткен іріктеу байқауларына 500-ден астам жас өнерпаздар қатысты. Әр баланың бойында талант бар, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, олардың қарым-қабілет, таланттарын дер кезінде ашуда «Жұлдызайдың» орны бөлек, -деді балаларды фестивальдің салтанатты ашылуымен құттықтаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қажымқан Оспанғалиев.

-Осындай мәдени шаралар біз сияқты оқушыларға көп мүмкіндік ашады. Фестивальге бірнеше жыл бойы қатысып келемін. Бүгін өнердегі достарымен бірге «Көтеріңкі көңіл-күй», «Плетень» билерін билеп, «Твори добро» әнін орындаймыз. Аздап қобалжу да бар. Бізге үнемі ақыл-кеңесін айтатын тәрбиешіміз Людмила Анчугина мен өнер жолындағы ұстазымыз, хореограф Ирина Макароваға айтар алғысымыз шексіз,-дейді Алтай қаласындағы коррекциялық арнайы мектеп-интернатының оқушысы Нұрай Есімбекова.

Облыстық іріктеу кезеңінде кіші және ересек жас ерекшеліктері бойынша әр номинациядан жеңімпаздар анықталды. Қазылар алқасының шешімімен «Вокал» номинациясында семейлік Ернұр Кәкенов, катонқарағайлық Ғалима Қалиева, семейлік Жанель Жанұзакова мен Лилиана Қалиева, «Би» номинациясында Риддер қаласындағы арнайы мектеп-интернатының би тобы, Семей қаласындағы «№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының» хореографиялық ұжымы және Семей қаласындағы «№4 арнайы мектеп-интернатының» би тобы жеңімпаз атанды. Ал «Ыммен орындау» номинациясында Семей қаласындағы арнайы мектеп-интернатының вокалдық тобы, Алтай қаласындағы «№2 коррекциялық мектеп-интернатының» вокалық тобы, «Аспапта орындау» номинациясында Семей қаласындағы «№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының» «Сұлусаз» фольклорлық ансамблінің өнері жоғары бағаланды.

Үздік деп танылған қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласында 26-28 мамыр күндері өтетін халықаралық кезеңге жолдама алып, 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертте өнер көрсететін болады

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 16:28

Төрт жыл бұрын адам өлтірген Өскемен тұрғыны ұсталды (видео)

Бүгін, 16:20

«Абай жырлаған төрт мезгіл». Балабақшада ерекше байқау өтті - Зайсан

Бүгін, 16:05

Өскеменде шылым шеккен зейнеткер өртеніп кете жаздады

Бүгін, 15:59

Күршімде "Ауыл думан" атты мерекелік кеш өтті

Бүгін, 15:44

ШҚМТУ ұжымы көркемсөз оқу шеберлерін іздейді

Бүгін, 15:29

Қазақстанда ең төменгі еңбекақы мөлшерін көтеруді ұсынды

Бүгін, 14:52

Айдың соңында 35 градусқа дейін аяз түседі

Бүгін, 14:01

ШҚО-да 200-ден астам адам боранның салдарынан жолда қалды

Бүгін, 13:34

Жақсылық Омар жаңа орынбасарын таныстырды

Бүгін, 11:56

Даниал Ахметов Жарма ауданы әкімінің есептік кездесуіне қатысып жатыр

Бүгін, 11:30

ШҚО тас жолында жүк көлігі аударылып қалды

Бүгін, 11:18

ШҚО-да жемқор шенеуніктер 107 миллион теңге айыппұл төледі

Бүгін, 10:45

Семейлік студенттер тағы да қар күреуге шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 10:03

Бүгін ШҚО-да ауа-райы бұзылады

Бүгін, 09:25

Семейде күйеуін босатындыққа шығармақ болған әйел алаяққа алданды

Бүгін, 09:00

Мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО

28.01.20, 19:55

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

28.01.20, 17:21

«Айбардың жағдайы жақсы, қазір интернатта» - Семей

28.01.20, 17:20

ШҚО халқының 5,5 пайызы ағылшынша сөйлейді

28.01.20, 17:02

Ленин атында 24, Киров атында 10 көше бар – ШҚО

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

29.10.19, 16:03

"Времянкада" тұратын көпбалалы ана: "Балам телефоннан қабір азабы туралы ғана көреді" (ВИДЕО)

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 16:28

Төрт жыл бұрын адам өлтірген Өскемен тұрғыны ұсталды (видео)

Бүгін, 16:20

«Абай жырлаған төрт мезгіл». Балабақшада ерекше байқау өтті - Зайсан

Бүгін, 16:05

Өскеменде шылым шеккен зейнеткер өртеніп кете жаздады

Бүгін, 15:59

Күршімде "Ауыл думан" атты мерекелік кеш өтті

Бүгін, 15:44

ШҚМТУ ұжымы көркемсөз оқу шеберлерін іздейді

Бүгін, 15:29

Қазақстанда ең төменгі еңбекақы мөлшерін көтеруді ұсынды

Бүгін, 14:52

Айдың соңында 35 градусқа дейін аяз түседі

Бүгін, 14:01

ШҚО-да 200-ден астам адам боранның салдарынан жолда қалды

Бүгін, 13:34

Жақсылық Омар жаңа орынбасарын таныстырды

Бүгін, 11:56

Даниал Ахметов Жарма ауданы әкімінің есептік кездесуіне қатысып жатыр

Бүгін, 11:30

ШҚО тас жолында жүк көлігі аударылып қалды

Бүгін, 11:18

ШҚО-да жемқор шенеуніктер 107 миллион теңге айыппұл төледі

Бүгін, 10:45

Семейлік студенттер тағы да қар күреуге шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 10:03

Бүгін ШҚО-да ауа-райы бұзылады

Бүгін, 09:25

Семейде күйеуін босатындыққа шығармақ болған әйел алаяққа алданды

Бүгін, 09:00

Мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО

28.01.20, 19:55

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

28.01.20, 17:21

«Айбардың жағдайы жақсы, қазір интернатта» - Семей

28.01.20, 17:20

ШҚО халқының 5,5 пайызы ағылшынша сөйлейді

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: