Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 16 қарашасына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

0

5130

«Болғанынан боладысы қызық» болған Зайсан ауданындағы 130 шақырымдық аламан бәйге де мәресіне жетті. Атқұмар азаматтардың ортасында «шынайы жүйрік жабы ма, әлде таза қанды ма» деген даулы сұрақ бар. Бұл әсіресе, 25 шақырмнан төменгі жарыстарда арабы торы мен ағылшын арғымақтарына есесі кетіп жүрген қазақы қанды ат иелерін көп мазалайтын сұрақ болатын. Осы даудың жетегінде жүрген зайсандық азаматтардың ойына Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласы тұздық болыпты. Сонымен әлеуметтік желі арқылы алыс-жуыққа сәлем айтып, жар салды.

 

Бір қызығы бұл жарысқа атағы жер жарған айтулы тұлпарлар келген жоқ. Бәлкім 130 шақырымға жүрегі дауаламаса керек. Тек Ақтаудан келген ақ байтал ғана ел назарын өзіне аударды. Атқұмар азаматтар мен жылқы танитын көнекөз ақсақалдардың көбі пәленбай мың шақырым жол басып келген жүйрікке көбірек көз сүзіп жатты.

 

Шабандоздар қатаң тексеруден өтті

 

 

Таңбозынан айтулы аламанға көз тіккен жұрт Зайсан қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Сәтпай ауылының маңына жиылды. Сол жерге бірнеше киіз үй тіккен ұйымдастырушылар, ат шабатын жолды аудандық әкімдіктің көмегімен алдын ала реттеп қойыпты.

 

Бәйге шарты бойынша әрбір шабандоз 18 жастан асқан болуы керек. Осы қағида бойынша ұйымдастырушылар ең әуелі алыс-жуықтан келген 33 шабандозды бір-бірлеп жеке куәлігі арқылы ел алдынан қадағалап тұрып тексеріп, өткізіп алды. Сөз біреу: «Бұл ел көлемінде өткізгелі отырған тұңғыш алыс қашықтықтағы аламан. Ешқандай қаралық болмасын. Талапты әрбір қатысушы тең орындасын».

 

Сонымен ақсақалдардың ақ батасымен тақым қысылды. Сауырынан жел ескен дәмелі жүйріктер Зайсан көлін жағалап,  батысқа қарай ауыздық басты. Дүр ете түскен жүйріктер соңынан асықпай аяңдап екі қылаң кетіп барады. Оның бірі Ақжардың «Көк дауылы» болса, екіншісі батыстан келген ақ байтал. Алыстан келген ат қосушы басында бұл дүбірлі аламанға қатысудың өзі мәртебе екенін айтып тұрған еді. Сол ойын берік ұстап, Зайсанның тастақты жолына жүйрігін қинағысы келмеді ме екен, шабандозынан жүлдеге деген ынта байқамадық. Шіркін мынаның шабысын көрсе ғой деген жылқықұмар жандардың армандары ғана ішінде қайнап жатты.

 

Майқапшағай-Омбы жолының бойымен шапқан жүйріктердің жанкүйерлері бүкіл аттың жүрісін ілесіп жүріп көрді. Бұл біріншіден жанкүйерлер үшін жақсы орай болса, екіншіден жарыстың қаралықсыз өтуіне мүмкіндік берді. Арнайы жол сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлері де  халықпен бірге жүрді. Жарыс жолының 65 шақырымы, яғни тең жартысы Тарбағатай ауданындағы Байтоғас елді мекенімен тұспа-тұс келеді екен. Ұйымдастырушылар сол жерге де арнайы үй тігіп, халықпен шабандоздарға арнап арнайы ас-суын дайындаған. Бірақ жел тақымдардың тамақ ішу-ішпеуі өз еркінде. Тек сол жерге жеткен соң үстіндегі өзіне тиеселі нөмірлі жейдесін шешіп, жаңасын киюі керек.

 

 

Жарыс жолында жан тапсырды

 

 

Жарыс жолының жартысын Ұлан ауданы, Бозанбай ауылынан барған «Желжетпес» атты жүйрік пен Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылынан қосылған керітөбел жорға бастап барды. Бірақ қызықтың көкесі қайтар жолда болатын. Байтоғасқа дейінгі аралықты аттардың алды 180 минутта бағындырды. Тек бір ат қана орта жолға жетпей жарыс жолынан шықты. Қалғандары Тарбағатай тауын бөктерлеп, Сайханға қарай сап түзеген еді. Кенет ортаңғы топта жүрген «Айтұмар» есімді зайсандық жүйрік жылдамдық қосты. Қанша дегенмен өз жүйріктерінің көш бастағанына жергілікті жұрт қуанып кеткен еді. Қиқулаған елдің қошеметіне құлақ жымыра шапқан жануар 110 шақырымға дейін көш бастады. Бірақ сол бойы көш бастауға дәрмені жетпеді. Дәл осы кезде Катонқарағайдан келген үш ат бастаған алдыңғы топ қалған аттардан сәт сайын алыстап бара жатқан болатын. Қазақ «көктемде күлік шаппайды, жілік шабады» деп тегін айтпаса керек. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін қараөзек шақтағы шабыс көп аттарға жеңіл тиген жоқ. Уақыт өтіп, жол ұзарған сайын жүйріктердің қатары сирей берді. Катонқарағайдан келген тағы бір жүйрік «Қасқыр торы» алдыңғы топты өкшелеп қалған еді. Артқы тұяғын тас бөліп, тұрасынан қан кеткен жануар мәреге 15 шақырым қалғанда жығылды. Жарыс жолында жан тапсырған жануардың басын кесіп алып кетті. Денесі Зайсанда қалса да, басы Алтай тауының әлдебір биік шынарына ілінетін болды. Айтпақшы, осыдан екі жыл бұрын осы атпен екі қасқыр соғып алыпты иесі. Жалпы бұл бәйге келген жүйріктердің көбі аңға мініп жүрген аттар екенін айрықша атай кеткеніміз ләзім.

 

Желе-жортып келе жатқан топтан тағы бір күрең ат суырылып шығып, алдыңға топқа қарай асыға зымырап келе жатты... Бұл Абай ауданынан келген «Аймаңдай» болатын. Бірақ қозы көш жерге ұзап кеткен алдыңғы топқа жете алмасын білген ат иесі одан әрі қинаған жоқ. Жол жиегінде келе жатқан машинасына қарай бейімделді.

 

Мәре жақындаған сайын, алдыңғы топтағы аттардың арасындағы тартыс та қыза түскен. Алма-кезек алға озып келе жатқан Зайсанның жүйріктері. Тек Катонның үш аты ғана желп етпейді. Тек кекіл қағып аяңдап, арасында бөрі бүлкек пен китің жорғасына салып қана табан аудара берді.

 

Ал Аягөздің «Қазмойыны» мен Зайсан ауданы, Сарытерек ауылының Құлақасқасы» көш бастауға құлшыныс жасап-ақ келеді. Осы орайда құла қасқаның шыдамдылығына таңғалмаған жұрт кемде-кем. Алдыға оқтай зулап шыққан жануар, неше жерден тоқтап қалып сәл тыныққан соң, қайта зымырайды. Нағыз қара тұяғынан қал кеткенше жанын жарыс жолына тігетін сәйгүлік екен.

 

Қиқуға-қиқу қосқан елдің үні естілгенде шабандоздар тізгін босатты. Қоңыр ат пен күрең ат жұлдыздай ағып мәреге жетті. Мәре сызығын бірінші кескен катондық Ерболат Тоқсановтың «Тарпаңы» болатын. Үстіндегі шабандоз – осы жарыстағы жалғыз өзге ұлт өкілі Сергей Рыбин. Сөйтсек топ жарған бұл тұлпар да Катонның қарын бұзып, қанжығасына талай қасқыр байлаған жүректі жануар екен. Ал Сергей осы аттың құнан кезінен құлағында ойнаған сенімді серігі болып шықты. Ат иесінің айтуынша «Тарпаң» таза қанды емес екен. Екінші болып келген «Пырақ» атты күрең де катонқарағайлық Қайрат Серкеновтің қылқұйрығы болып шықты. Үшінші аттың иесі Сайранхан Сәрсенбаев та жүйрігін Катонқарағай ауданы, Алтынбел ауылынан алып келіпті.

 

 

Мәреге сегіз ат қана жетті

 

Төртінші, бесінші болып Аягөздің «қаз мойыны» мен Сарытеректің «құлақасқасы» мәреге жетсе, алтыншы, жетінші болып Зайсанның «Дастарқаны» мен осы ауданның Жаңатұрмыс ауылынан «Қарқын» жетті. Сегізінші болып Бақасу ауылының аты келген. Ұйымдастырушылар жеті атқа жүлде тігіпті. Бас жүлде бір миллион теңге болатын. Ал сегізінші жүйрікке атсүйер ағайын сол жерде қалталарынан жүлде жиып берді. 130 шақырымды толық бағындырған да осы сегіз ат қана болатын. Таңғы сағат 7.45-те жарыс жолына шыққан «Тарпаң» 14.25-те мәре сызығын кесті.

Осы аламанды өткізу ойын ортаға тастаған Зайсан аудандық «Атбегілер» қауымдастығының мүшесі Ердібек Хамит екен. Жүлде қорын қауымдастық мүшелері ауыл-ауылдар мен ат қосушылардан жинапты.  Ал ат тосқан ағайынға аудандық мәдениет үйінің әртістері өнер көрсетті.

 

Солайша, ұлы дала төсін тұлпардың тұяғымен дүбірлеткен зайсандықтар алыс қашықтықтағы аламанмен алты алаштың рухын оятып, санасын сілкіндірді.

 

 

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

15.11.19, 17:54

«ШҚО полицейі балық алады». Параның ерекше түрлері

15.11.19, 16:51

Көкпектілік кәсіпкер қаз еті мен қауырсынынан жасалған өнімдерді нарыққа шығарды

15.11.19, 16:39

«Әлемдегі ең әдемі ақша». Теңге жайлы қызықты мәліметтер

15.11.19, 16:09

"Қазбат" 10-сериялық телехикаясының түсірілімі аяқталды

15.11.19, 15:50

Өскеменде кондуктор автобустың жолаушысын соққыға жықты

15.11.19, 15:44

Токиоға баратын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды

15.11.19, 15:20

ШҚО-да еркін күрестен турнир өтті

15.11.19, 15:18

Өскемендегі әнші фонтандар енді жұмыс істемейді

15.11.19, 15:15

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріледі

15.11.19, 15:06

ШҚО таэквондошылары халықаралық додадан олжалы оралды

15.11.19, 15:02

Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан астам адам жол апатынан қаза тапқан

15.11.19, 14:49

ШҚО-да соңғы он айда мал ұрлаған 119 адам ұсталды

15.11.19, 14:14

Қазақстанда киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады

15.11.19, 13:53

«Менің тапсырмам орындалмады» - Тоқаев азық-түлік бағасы туралы айтты

15.11.19, 13:32

ШҚО спортшысы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

15.11.19, 13:15

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

15.11.19, 12:41

Тоқаев жол жиегіндегі дәретханаларды сынға алды

15.11.19, 12:28

«Алтай» «Ертіс-Қазхромды» тағы жеңді

15.11.19, 12:13

Семейде ер адам полицияға жалған арыз берді

15.11.19, 12:07

ШҚО полициясы "Аулада қабылдау" акциясын өткізеді

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

29.10.19, 16:03

"Времянкада" тұратын көпбалалы ана: "Балам телефоннан қабір азабы туралы ғана көреді" (ВИДЕО)

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

15.11.19, 17:54

«ШҚО полицейі балық алады». Параның ерекше түрлері

15.11.19, 16:51

Көкпектілік кәсіпкер қаз еті мен қауырсынынан жасалған өнімдерді нарыққа шығарды

15.11.19, 16:39

«Әлемдегі ең әдемі ақша». Теңге жайлы қызықты мәліметтер

15.11.19, 16:09

"Қазбат" 10-сериялық телехикаясының түсірілімі аяқталды

15.11.19, 15:50

Өскеменде кондуктор автобустың жолаушысын соққыға жықты

15.11.19, 15:44

Токиоға баратын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды

15.11.19, 15:20

ШҚО-да еркін күрестен турнир өтті

15.11.19, 15:18

Өскемендегі әнші фонтандар енді жұмыс істемейді

15.11.19, 15:15

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріледі

15.11.19, 15:06

ШҚО таэквондошылары халықаралық додадан олжалы оралды

15.11.19, 15:02

Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан астам адам жол апатынан қаза тапқан

15.11.19, 14:49

ШҚО-да соңғы он айда мал ұрлаған 119 адам ұсталды

15.11.19, 14:14

Қазақстанда киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады

15.11.19, 13:53

«Менің тапсырмам орындалмады» - Тоқаев азық-түлік бағасы туралы айтты

15.11.19, 13:32

ШҚО спортшысы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

15.11.19, 13:15

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

15.11.19, 12:41

Тоқаев жол жиегіндегі дәретханаларды сынға алды

15.11.19, 12:28

«Алтай» «Ертіс-Қазхромды» тағы жеңді

15.11.19, 12:13

Семейде ер адам полицияға жалған арыз берді

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: