Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 23 тамызына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Қазақстан және Корея Президенттері келіссөз жүргізді

0

185

Корея Президенті «Цифрлы Қазақстан 2018-2022» бағдарламасына қатысуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме беріп. Бұл екі ел басшылығының астанадағы кездесуінде мәлім болды.

Иә, Корея «Цифрлы Қазақстан 2018-2022» бағдарламасына қызығушылық танытты. Олар Қазақстан экономикасының барлық саласын цифрландыруға көмек көрсетіп, тәжірибесімен бөлісетінін айтты.

Кореяның қызығушылығын қуаттаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев астанада қазақстандық-кореялық халықаралық ІТ орталық ашуға болатынын айтты. Кореяның тәжірибесіне сүйене отырып, елімізде енгізілген 5G мобильді байланысын тиімді пайдаланып, сол арқылы инновацияны дамытуға мүмкіндік ашылмақ.

Кездесуде тараптар саясат, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарын талқылады.

 

1. Тараптар екі елдің арасындағы саяси сенімді нығайтуда тығыз ынтымақтастық орнатуға, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және стратегиялық әріптестік негізінде екі елдің арасындағы достықты дамытуға келісті.

2. Тараптар Корея түбегінің денуклеаризация мәселесін қоса алғанда, жаһандық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша екі елдің ортақ ұстанымға ие екенін атап өтті, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейлерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

3. Корея Орталық Азия елдерінің күш-жігерімен өңірде Ядролық қарудан азат аймақ құру тәжірибесіне назар аударды. Тараптар Қазақстанның денуклеаризация мен жаппай қырып-жою қаруды таратпау саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайындығын ескере отырып, осы бағытта диалог пен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға шешті.

4. Тараптар КХДР ядролық проблемасын бейбіт жолмен реттеу және корейаралық қатынастарды дамыту Корея түбегінде ғана емес, бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді деген пікірге келді. Осы тұрғыда Қазақстан Кореяның толық денуклеаризацияға қол жеткізу және Корея түбегінде тұрақты бейбіт жүйені құру ісінде, сондай-ақ корейаралық қарым-қатынастарды дамытуда өзінің дәйекті қолдауын растады.

5.  Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Корей қоры арасындағы яролық қаруды таратпау және Корея түбегінің денуклеаризация мәселелерін терең талқылауын оң бағалады және екі Қор арасында кейінгі консультациялар өткізу жөнінде күш салуға уағдаласты.

6. Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты тауар айналымының өсуіне қанағаттанушылық білдіріп, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін бірлескен күш-жігерлерін жұмсауға келісті. Инфрақұрылымының құрылысы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және мәдениет сияқты түрлі салалардағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша нақты бағыттар көрсетілген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының «Самал жел» жаңа (жаңартылған) экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюды құптады. Тараптар осы бағдарламаның орындалу барысын үкіметаралық комиссия шеңберінде үнемі бақылауға  уағдаласты.

7. Тараптар Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия сауда және инвестициялар саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда маңызды рөл атқаратынын растады және 2019 жылғы 20 наурызда өткен Комиссияның 8-ші отырысының нәтижелерін құптады.

8. Тараптар 2019 жылғы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткен бизнес-форумның қорытындысын жоғары бағалады және іскер топтар өкілдерінің уағдаластықтарын табысты жүзеге асыру үшін ынтымақтасуға уағдаласты, сондай-ақ Кореяның Президенті Мун Чже Иннің Қазақстанға сапары аясында қол қойылған коммерциялық құжаттар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге үлес қосатынын атап өтті.  Осы мақсатта екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Кореяның іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру үшін қолайлы жағдай жасауды қолдады.

9.  Корей тарапы «Цифрлық Қазақстан 2018-2022» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қызығушылық танытып, экономиканың барлық салаларын цифрландыру бойынша тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан корей тарапының Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Корея бірлескен халықаралық IT-орталығын құру туралы бастамасын қолдады.

10.   Тараптар перспективалы салаларда, оның ішінде 4-ші өнеркәсіптік революция саласында өзара тиімді ынтымақтастықтың қажеттілігін таныды және жоғары технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды үнемі кеңейтуге ұмтылатын болады. Екі мемлекет басшылары Қазақстанның Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Кореяның Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігі арасындағы 4-ші өнеркәсіптік революция саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды құптады. Сондай-ақ, тараптар екі елдің 4-ші өнеркәсіптік революция дәуіріне табысты кіре алатынына және Кореяның осы елде алғаш рет енгізілген 5G мобильді желілер пайдалану тәжірибесі арқылы инновацияларды инклюзивті өсіру мүмкіндіктерін пайдалана алатынына сенім білдірді.

11. Тараптар денсаулық сақтау саласындағы, атап айтқанда, денсаулықты сақтандыру жүйесін дамыту, денсаулық сақтау, медициналық білім мен ғылым, фармация салаларындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, ауруларды диагностикалау мен емдеуде заманауи технологияларды пайдалану бойынша тәжірибе алмасудағы ынтымақтастықтың  маңыздылығын атап өтті.

12. Тараптар «Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысы» (ҮАААЖ) жобасы аясында жұмыстардың сапалы және уақытылы аяқталатынына сенім білдірді. Мемлекет басшылары ҮАААЖ жобасы шеңберінде табысты өзара іс-қимыл Қазақстанның стратегиялық жобаларына Кореяның одан әрі қатысуы үшін серпін беретініне түсіністік білдірді.

13. Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы көлік қатынастарын дамыту бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға бел байлағанын білдірді. Осыған орай, логистика және транзит саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап өтті. Екі ел басшылары осы саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің және өзара тиімді бағыттарды қарастырудың маңыздылығын баса айтты. Қазақстан Ляньюньгандағы (Қытай) қазақстандық терминалды пайдалануды кеңейту бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді, ал корей тарапы бұл үшін бірлесіп күш салуды ұсынды.

14. Тараптар «Арал теңізінің құрғақ түбінің фитомелиорациясы» жобасын қоса алғанда орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелерін жоғары бағалай отырып, Орталық Азия аймағының орман селдіреуін алдын алу үшін халықаралық ұйымдармен, оның ішінде Азия орман шаруашылығы ұйымымен (AFoCO) орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігі туралы пікір білдірді.

15. Тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта бірлесіп зерттеу екі елдің ғарыш қызметінің дамуына үлес қосатыны туралы пікір білдірді. Осыған орай, мемлекет басшылары Қазақстанның Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі мен Кореяның Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта бірігіп зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды құптады.

16.  Тараптар Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен Кореяның Білім министрлігі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды құптай отырып, Корея үкіметінің түрлі бағдарламалары бойынша қазақстандық азаматтарға қолдау көрсетуді күшейту арқылы білім беру саласындағы адами ресурстармен алмасуды жандандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, тараптар түрлі салаларда, оның ішінде мәдени-гуманитарлық салада алмасуды кеңейтуге уәделесті және, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 30-жылдығына орай 2022 жылды Мәдени алмасу жылы деп белгілеп, түрлі мерейтойлық іс-шараларды өткізуге келісті.

17. Қазақстан тарапы Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің әлеуетін нығайтудағы Кореяның рөлін жоғары бағалады. Тараптар Қазақстанда кадрларды басқару жүйесін жаңғырту үшін бірлесіп күш салуға дайын екендіктерін растады.

18. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қоюды құптай отырып, аталған шарттың күшіне тез арада енуі өзара түсіністік пен өзара сенімді нығайтуға ықпал ететіндігін, сондай-ақ құқықтық саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.

19. Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комитеттің табысты іске қосылуын құптады, 2019 жылғы 27-28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен бірінші отырыстың нәтижелеріне қанағаттанушылық білдірді. Болашақтағы  ынтымақтастық үшін жағымды үрдістерді атап, екі елдің әскери-өнеркәсіптік кешендері арасындағы байланыстарды жандандыруға үміт білдірді.

20. Тараптар Азия өңіріндегі сенімді күшейту арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты және халықаралық қауымдастықтың орнықты дамуын нығайту бойынша бірлескен күш-жігер салуды жалғастыру қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді. Тараптар диалог арқылы алмасуды кеңейтуге, ынтымақтастықты нығайтуға және өзара сенімді тереңдетуге ықпал ететін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) тұғырнамасын жоғары бағалады. Тараптар елдері үйлестіретін АӨСШК өлшемдерінің шеңберінде тиісті іс-шаралар өткізу жолымен АӨСШК-нің сенім шараларын одан әрі ілгерілету үшін дәйекті түрде күш салуға келісті.

21. Тараптар БҰҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдарда өзара ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруды жақтады. Корея БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның белсенді қызметін, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы Қазақстанның делдалдық рөлін жоғары бағалады.

22.  Тараптар 2007 жылы жұмысын бастағаннан бері «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумы тұрақты көпжақты консультативтік диалог ретінде табысты дамып, Корея мен Орталық Азия елдері арасында өзара сенімді нығайтуға және алмасуларды жандандыруға үлес қосқанын атап өтті және форумды дамыту үшін бірлескен күш-жігер салуға келісті. Тараптар 2019 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан қаласында сыртқы істер министрлері деңгейінде «Орталық Азия - Корея Республикасы» 12-ші форумын өткізуді құптады.  Тараптар 2017 жылы ресми түрде ашылған «Орталық Азия - Корея Республикасы» Форумының Хатшылығы Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жаңа жобаларын анықтауға және ілгерілетуге мүмкіндік туғызатынын атап өтіп, Хатшылықты күшейту арқылы жобаларды кеңейту әрі дамыту жолдарын белсенді түрде қарастыруға ниеттестігін растады.

23. Тараптар екі ел парламенттері арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды жоғары бағалады, сондай-ақ Қазақстан Парламентінің Мәжілісі, Кореяның Ұлттық Ассамблеясы және Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенімділік. Әріптестік» тақырыбында ұйымдастыратын Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің  4-ші кеңесін табысты өткізу үшін күш салуға уәделесті.

24. Тараптар Корея Президенті Мун Чже Иннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларына қанағаттанушылық білдіріп, жоғарғы деңгейдегі белсенді өзара іс-қимыл екіжақты қатынастардың дамуына айтарлықтай серпін беретінін ерекше атап өтті. Президент Мун Чже Ин Қазақстанның Үкіметі мен халқына қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевті екі тарапқа ыңғайлы уақытта Кореяға сапармен келуге шақырды. Президент Қ.Тоқаев шақыруды алғыспен қабылдады.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

22.08.19, 16:58

Кіру тегін. Өскеменде үлкен теннистен халықаралық жарыс өтеді

22.08.19, 16:35

Семейдегі тозығы жеткен пандустар мен жер асты өткелдері қашан жөнделіп бітеді?

22.08.19, 16:15

Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы Қытайдан жеңіліп қалды

22.08.19, 15:49

Алтайдағы Қаракөл... Сіз міндетті түрде баруыңыз керек (ФОТОРЕПОРТАЖ)

22.08.19, 15:17

Өскемен интернет жылдамдығы ең жоғары төрт қаланың қатарына кірді

22.08.19, 15:04

Өскеменде бояулар фестивалі өтеді

22.08.19, 13:18

Күршім ауданы ағайынды Рахмандарды еске алды

22.08.19, 11:25

Өскеменде бір күнде екі миллион теңге «табатын» шебер сотталуы мүмкін

22.08.19, 10:36

Үржарлықтар аспан астындағы караоке кешін өткізді

22.08.19, 10:20

Мектеп оқушыларына арналған жәрмеңке қай жерде өтеді?

22.08.19, 10:16

Сәтпаев даңғылының үстінен тағы екі өткел салынады

22.08.19, 10:07

Өскеменде тағы да ыстық су өшеді

22.08.19, 09:49

«Big Drama Show-ды қайтарамыз». Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің қашан өтетіні анықталды

22.08.19, 09:15

Өскемен тұрғыны осы күнге дейін 1989 жылы берілген құжатпен жүрген

22.08.19, 09:00

ШҚО-да 22 тамызда күн райы бұзылады

21.08.19, 17:45

Бұқтырмадан көлігімен қоса суға кеткен ер адамның мәйіті табылды

21.08.19, 17:28

ШҚО-да инвесторларға арналған орталық ашылады

21.08.19, 17:23

Семейде тоққа түсіп өлген баланың ата-анасы сотталуы мүмкін

21.08.19, 16:29

Сенбілік өтеді, бірақ қоқыс шығарылмайды. Семейдегі ТҮКШ қайда қарап отыр?

21.08.19, 16:12

«Үміттің» балалары Алакөлде демалып жатыр

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

02.04.19, 15:45

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

15.05.19, 20:00

Youtube желісіндегілер қазақтың намысшыл жігітіне рахмет айтып жатыр (ВИДЕО)

15.05.19, 11:59

ШҚО-ның барша жас келіні шәй демдеуден сайысып жатыр (ФОТО)

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

,

ШҚО-да аудандық әкімдіктің бөлім басшысы әжетханада төбелесті

01.04.19, 10:11

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

22.08.19, 16:58

Кіру тегін. Өскеменде үлкен теннистен халықаралық жарыс өтеді

22.08.19, 16:35

Семейдегі тозығы жеткен пандустар мен жер асты өткелдері қашан жөнделіп бітеді?

22.08.19, 16:15

Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы Қытайдан жеңіліп қалды

22.08.19, 15:49

Алтайдағы Қаракөл... Сіз міндетті түрде баруыңыз керек (ФОТОРЕПОРТАЖ)

22.08.19, 15:17

Өскемен интернет жылдамдығы ең жоғары төрт қаланың қатарына кірді

22.08.19, 15:04

Өскеменде бояулар фестивалі өтеді

22.08.19, 13:18

Күршім ауданы ағайынды Рахмандарды еске алды

22.08.19, 11:25

Өскеменде бір күнде екі миллион теңге «табатын» шебер сотталуы мүмкін

22.08.19, 10:36

Үржарлықтар аспан астындағы караоке кешін өткізді

22.08.19, 10:20

Мектеп оқушыларына арналған жәрмеңке қай жерде өтеді?

22.08.19, 10:16

Сәтпаев даңғылының үстінен тағы екі өткел салынады

22.08.19, 10:07

Өскеменде тағы да ыстық су өшеді

22.08.19, 09:49

«Big Drama Show-ды қайтарамыз». Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің қашан өтетіні анықталды

22.08.19, 09:15

Өскемен тұрғыны осы күнге дейін 1989 жылы берілген құжатпен жүрген

22.08.19, 09:00

ШҚО-да 22 тамызда күн райы бұзылады

21.08.19, 17:45

Бұқтырмадан көлігімен қоса суға кеткен ер адамның мәйіті табылды

21.08.19, 17:28

ШҚО-да инвесторларға арналған орталық ашылады

21.08.19, 17:23

Семейде тоққа түсіп өлген баланың ата-анасы сотталуы мүмкін

21.08.19, 16:29

Сенбілік өтеді, бірақ қоқыс шығарылмайды. Семейдегі ТҮКШ қайда қарап отыр?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: