Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 20 маусымына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Қып-қызыл ақша далада шашылып жатыр. Риддерге зауыт салынады

0

121

Қып-қызыл ақша далада шашылып жатыр. Тау-тау болып үйілген қоқысты көргенде осындай ой келді...

Иә, Еуропада тұрмыстық қалдықтарды өңдеу – өкірген бизнес. Экологиялық тиімділігін айтпағанда, экономикалық пайдасы да аз емес бұл кәсіптің. Табыстың көзі қоқыста екенін түсінген риддерлік кәсіпкер Виктор Стребков біз үшін біртүрлі көрінетін іске білек сыбана кірісіп кетіпті. Өскемен мен Семейде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу жобасы енді қолға алынып жатқанда, Риддерде дәл осындай нысанның іргетасы бекіп, қабырғасы қаланып қойды. Бұйырса, биыл жазда кәсіпорын іске қосылады.

– Экологиялық кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес биылғы 1 қаңтардан бастап қоқыс полигонына қалдықтар сұрыпталған күйінде шығарылуы тиіс. Яғни, шыны сынықтары, құрылыс материалдарының қалдықтары, қағаз, пластмасса, полиэтилен, азық-түлік қалдықтары және басқа да заттар жеке-жеке жиналады. Бұл– елді мекендердегі экологиялық жағдайды жақсартып, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу ісін дамыту мақсатында жасалған қадам. Осы орайда біздің қалада қоқысты сұрыптап, өңдейтін зауыт салынып жатыр. Зауыттың жобалық құны – 450 миллион теңге. Жоспар бойынша нысан алдағы жазда іске қосылуы тиіс, – дейді Риддер қаласы әкімінің аппарат басшысы Асхат Сағидолдин.

Ресми деректерге сүйенсек, қазір кеншілер шаһарында аумағы 18 гектарды қамтитын жалғыз қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Ондағы қоқыс қоры 321345 тонна мөлшерінде. Полигонды жергілікті билік «Фирма Эталон» ЖШС-іне сенімді басқаруға беріпті. Экологиялық кодекске енгізілген өзгертулерге және 2016 жылы облыс әкімдігі бекіткен «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жекелеп жинау, сұрыптау, жою және өңдеумен айналысатын нысандар салудың жол картасына» сәйкес аталған серіктестік бірегей жобаны бастапты. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асатын жоба үш кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңде сараптама жасау, электр желісін тарту, ангар салу, жүк өлшейтін таразы орнату, қоқыс сұрыптайтын желіні құрастыру жұмыстары атқарылса, екіншісінде пиролиз (отын) қондырғылары құрастырылады. Ал үшінші кезеңде отын брикеттерін өндіру қондырғысы мен тазарту желісі реттелмек.

– Қазір біз нысанның іргетасын құйып, қабырғаларын бекітетін бағаналар орнаттық. Әне-міне дегенше, ангар дайын тұрады. Шикізатты өңдейтін қондырғылардың бір бөлігін сатып алып қойдық. Қалғанын мамыр айында әкелеміз. Қысқасы, маусымда жұмысты толық аяқтап, кәсіпорынды қатарға қосуымыз керек, – дейді Виктор Стребков.

Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, орнатылатын құрал-жабдықтар Қытайдан жеткізілмек. Бағасы арзан, сапасы жақсы.

– Артық шығындалып қайтем, бағасы көңілге қонымды. Сапасы ресейлік баламасынан бір мысқал да кем емес. Анау техникалардың бәрі – сол шекара асып келген қытайлық өнімдер, әзірге сапасы сыр берген жоқ, – дейді ол полигон басында қызу жұмыс істеп жатқан тракторларды нұсқап.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды пиролиз әдісімен өңдейтін мұндай зауыт бұл күнде Ресейде, Еуропа елдерінде болғанымен, Қазақстанда әзірге жалғыз. Жобаны бастамас бұрын оның тиімді-тиімсіз тұстарын сараптау үшін кәсіпкер біраз ізденіпті. Интернетті ақтарып, өзгелердің тәжірибесімен танысқан. Мамандармен сөйлескен. Ақыры, тәуекелге бел буған.   

– Дәл біздегідей зауыт еліміздің басқа өңірлерінде жоқ. Иә, қоқыс өңдейтін кәсіпорындар бар, бірақ олардың жұмыс істеу әдісі бөлек. Ал бізде пиролиз, яғни шикізатты оттегісіз өртеу арқылы мазут өндіреміз, – деп түсіндірді Виктор Стребков.

Сонымен қоса кәсіпорын басшылығы сұрыптаумен және басқа да жұмыстармен айналысатын жиыны 17 адамды жұмысқа алуға дайын. 

Қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинап әкету міндетін де «Фирма Эталон» ЖШС өз мойнына алыпты. Оған қажетті техникалар жеткілікті және барлығы жаңартылған. Серіктестіктің автопаркінде қазір 48 мәшін тұр. Оның ішінде жетеуі заңды және жеке тұлғалардан қатты тұрмыстық қалдықтар жинауға арналған жүк көліктері. Алдын ала болжам бойынша қаладан кәсіпорынға жылына 24 мыңнан астам тонна шикізат жеткізіліп отырмақ. Ал зауыт өз кезегінде жылына 28 мың тонна қалдық өңдеп шығарады.       

Рет-ретімен айтар болсақ, әуелі қаладан жүк көліктеріне тиелген қатты тұрмыстық қалдықтар кәсіпорынға жеткізіледі. Содан кейін оны адамдардың және техниканың көмегімен сұрыптайды. Морфологиялық құрамына қарай әйнек, қағаз, пластмасса, пластик, азық-түлік қалдықтары секілді заттар бөлек-бөлек жиналады. Ары қарай өңдеуге жарамдылары пиролиз пеште өртеліп, мазут пен қатты отын (көмір) алынады. Қатты отын тұтынушыларға саудаға шығарылса, мазутты кәсіпкер өзінің асфальт зауытында кәдеге жаратпақ. Бұл – жаз кезіндегі шаруа. Ал қыста қайтпек керек? Қыста жол құрылысы тоқтап, асфальт зауытының жұмысы қаңтарылып тұратындықтан, жиналған мазут ары қарай өңдеуден өтіп, биоотынға айналады. Биоотынымыз – кәдімгі бензин мен дизель отыны. Демек, өндірілген өнімді өткізуде де ешқандай қиындық тумайды.

«Қала сыртында салынып жатқан зауыттан қоршаған ортаға зиян келмей ме?» деген көптің көкейіндегі сауалға кәсіпорын басшысы «Жоқ!» деп нақты жауап берді. Жаңа нысан экологиялық таза өндіріс орны болмақ.

 

Серік Әбілхан

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 18:09

Бензиннің бағасы арзандады – Энергетика министрі

Бүгін, 17:20

«Сергек» камерасы орнатылған бағанды құлатып кетті

Бүгін, 17:01

Өскеменде саябақтан тиегіш машина жоғалып кетті

Бүгін, 16:48

Дала жидегі де тегін емес. Артық терсеңіз айыппұл

Бүгін, 16:30

ҰБТ-ның нәтижелерін қалай білуге болады?

Бүгін, 16:18

Өскеменде 22 жастағы жігіт жоғалып кетті

Бүгін, 15:55

ШҚО-да мас әйел екі қызды басып кетті

Бүгін, 15:36

Өскеменде екі көлік соқтығысып, жүргізуші жарақат алды

Бүгін, 15:13

Аягөз ауданында апта сайын жәрмеңке өтетін болды

Бүгін, 14:45

Өскеменде ыстық су беру тоқтатылады

Бүгін, 14:10

Денсаулық сақтау саласының үздік жас зерттеушісі Семейде тұрады

Бүгін, 13:36

Өскеменде әлемнің ең үлкен бүйелері жүр

Бүгін, 13:00

28 жастағы жігіт Ертіс көпірінен секірмек болды (ВИДЕО)

Бүгін, 12:30

Теміржолшылар саябағы жарықтандырылды

Бүгін, 11:34

"Юбилейный" кинотеатрының алдына қосымша жол жасалды

Бүгін, 11:15

Өскеменнің тұрғыны Алтайдан Атырауға дейін жүгіруге дайындалып жатыр

Бүгін, 10:57

ШҚО-да 9 жастағы баланы кене шағып алды

Бүгін, 10:00

Бүгін Қазақстан бойынша ҰБТ өтіп жатыр

Бүгін, 09:45

ШҚО-да көмірдің бағасы қанша теңгеге қымбаттайды?

Бүгін, 09:12

Аягөзде «Дана Нұржігіт» деген қожалық бар

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

02.04.19, 15:45

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

15.05.19, 20:00

Youtube желісіндегілер қазақтың намысшыл жігітіне рахмет айтып жатыр (ВИДЕО)

15.05.19, 11:59

ШҚО-ның барша жас келіні шәй демдеуден сайысып жатыр (ФОТО)

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

,

ШҚО-да аудандық әкімдіктің бөлім басшысы әжетханада төбелесті

28.04.19, 12:27

Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

01.04.19, 10:11

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 18:09

Бензиннің бағасы арзандады – Энергетика министрі

Бүгін, 17:20

«Сергек» камерасы орнатылған бағанды құлатып кетті

Бүгін, 17:01

Өскеменде саябақтан тиегіш машина жоғалып кетті

Бүгін, 16:48

Дала жидегі де тегін емес. Артық терсеңіз айыппұл

Бүгін, 16:30

ҰБТ-ның нәтижелерін қалай білуге болады?

Бүгін, 16:18

Өскеменде 22 жастағы жігіт жоғалып кетті

Бүгін, 15:55

ШҚО-да мас әйел екі қызды басып кетті

Бүгін, 15:36

Өскеменде екі көлік соқтығысып, жүргізуші жарақат алды

Бүгін, 15:13

Аягөз ауданында апта сайын жәрмеңке өтетін болды

Бүгін, 14:45

Өскеменде ыстық су беру тоқтатылады

Бүгін, 14:10

Денсаулық сақтау саласының үздік жас зерттеушісі Семейде тұрады

Бүгін, 13:36

Өскеменде әлемнің ең үлкен бүйелері жүр

Бүгін, 13:00

28 жастағы жігіт Ертіс көпірінен секірмек болды (ВИДЕО)

Бүгін, 12:30

Теміржолшылар саябағы жарықтандырылды

Бүгін, 11:34

"Юбилейный" кинотеатрының алдына қосымша жол жасалды

Бүгін, 11:15

Өскеменнің тұрғыны Алтайдан Атырауға дейін жүгіруге дайындалып жатыр

Бүгін, 10:57

ШҚО-да 9 жастағы баланы кене шағып алды

Бүгін, 10:00

Бүгін Қазақстан бойынша ҰБТ өтіп жатыр

Бүгін, 09:45

ШҚО-да көмірдің бағасы қанша теңгеге қымбаттайды?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: