ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әуе рейстерінің саны артуы мүмкін

27.09.2022, 16:00 10 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мәселесі талқыланды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлік пен Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кэти Личпен кездесті. Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық пен тұрақты әуе рейстерінің санын арттыруды талқылады.

Комитет төрағасы қазақстандық азаматтық авиация саласының бүгінгі ахуалы жайында және алдағы жоспарлары турасында әңгімеледі. Ал Кэти Лич «Климаттық амбициялар үшін халықаралық авиациялық коалиция» жобасына қолдау көрсетуге шақырды. Бұл жоба Ұлыбританияның бастамасымен жүзеге асырылуда.

Осы ретте айта кетерлігі, Климаттық амбициялар үшін халықаралық авиациялық коалицияның құрамына ICAO ұйымының жаһандық жетекшілігімен жұмыс істейтін елдер тобы кіреді. Коалиция климаттық амбицияларды арттырудың жалпы мақсатына жетуді көздейді.

Өз кезегінде қазақстандық тарап қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға мүдделі екендігін және бұл мәселені барлық ынталы тараптар мен ұлттық мүдделерді ескере отырып жан-жақты қарауға дайын екендігін жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Бүгін, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Бүгін, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Бүгін, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Бүгін, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Бүгін, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Бүгін, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Бүгін, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Бүгін, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Бүгін, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Бүгін, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен Кеше, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды Кеше, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады Кеше, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды Кеше, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады Кеше, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады Кеше, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО Кеше, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал Кеше, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО Кеше, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды Кеше, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды