KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қытайдың халқы 2018 жылдың аяғына қарай 5,3 миллион адамға артқан

21.01.2019, 06:19 370


Қытай халқы (Гонконг, Макао және Тайвань аудандарын есептемегенде) 2018 жылдың соңына қарай 5,3 миллионға өсіп, 1,395 миллиард адамды құрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі РИА новости агенттігіне сілтеме жасап..


Бұл туралы ҚХР мемлекеттік статистика бюросы мәлімдеген.


2017 жылы Қытай халқы 7,37 миллион адамға артқан. 2018 жылы елде 15,23 миллион жаңа туған нәресте тіркеліп, туу коэффициенті мың адамға 10,94 құрады. Осы жылы Қытайда 9,93 миллион адам қайтыс болса, өлім коэффициенті мың адамға 7,13 болған.


Халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 3,81 құрап отыр. Оның ішінде ерлер саны 713,51 миллион, әйелдер саны 681,87 миллион адамға тең. Ал 16 жастан 59 жасқа дейінгі еңбекке жарамды халықтың жалпы саны 2017 жылы 901,99 миллион адамнан 897,29 миллионға дейін қысқарды, бұл – жалпы халықтың 64,3 пайызы.


2017 жылы бұл көрсеткіш 64,9 пайызға жетті. 2018 жылдың соңында Қытайда 60 жастан асқан тұрғындар 249,49 миллион немесе жалпы халықтың 17,9 пайызы болды. 65 жастан асқан адамдар саны 166,58-ге (2017 жылы 158,31 миллионнан) артты, бұл елдің барлық халқының 11,9 пайызын құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив