KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

«Ақылды» линза

31.01.2023, 17:11 455 Оразай Жеңісұлы

Керек ақпаратты көз алдыңызға әкелетін линза туралы естуіңіз бар ма? Америкалық стартап Mojo Vision көзге арналған алғашқы ақылды линзаны жарыққа шығарды.

Америкалық ғалымдар ұсынып отырған ақылды линза 10 жыл бойы тынбай жасалған еңбектің нәтижесі. Жасанды интеллектпен ұштасқан аталмыш линзаның атқарар қызметі мен адамға тигізер пайдасы мол. Құрылғының қарапайым линзадан еш айырмасы жоқ. Адамның көзіне тікелей орнатылады және еш зиян келтірмейді. Ақылды линза технологияның жеткен соңғы жетістіктерімен жабдықталған. Оған 250 де 250 пиксельді MicroLED дисплейі және әлемдегі ең кішкентай Arm процессоры орнатылған. Соның арқасында линза адамның көз алдына керекті ақпараттар мен суреттерді және хабарламаларды көрсетеді. Аталмыш экран пайдаланушының өзіне ғана көрінеді және оның көзін үнемі қадағалау арқылы бейнені айқын әрі тұрақты ұстап тұрады. Ақылды линзаның тағы бір ерекшелігі жасанды интеллектің болуында. Сіз өзіңізге белгілі бір ақпарат керектігін ойласаңыз құрылғы көз алдыңызға дереу жеткізеді. Ал, керек болмаған жағдайда кәдімгі линзаның қызметін атқарады. Компания басшысының айтуынша линза сізге не керек екенін өзі анықтап сол бойынша мәліметтерді қорытады. Тіпті, керексіз деп тапқандарын сұрыптап, ең қажет деген ақпаратты жинақтайды.

Ақылды линза көзі өте нашар көретіндерге де септігін тигізбек. Арнайы жүргізген тәжірибелердің арқасында көру қабілеті төмен ерікті аталмыш линзаның көмегімен ең кішкентай әріптердің өзін оқи алған.

Өзім қалаған кезде кез келген мәліметті көз алдымнан тапсам деген оймен туындаған стартап бүгінде инвесторлардың назарын аударған. Қазірдің өзінде 100 миллион доллардан астам қаражан осы жобаға арналып отыр. Линзалардың жаппай сатылымға қашан шығатыны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда оның қуат көзін бір күнге дейін жеткізу үшін жұмыстар жасалуда.

Айта кетелік, Mojo Vision ақылды линза шығарумен айналысып жатқан жалғыз компания емес. Оңтүстік Кореялық Самсунг компаниясы мен Apple осы салада өз жетістіктерін потенттеп үлгерген. Алайда Mojo Vision әзірге бәсекелестерінен оқ бойы озық келеді.

Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив