KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

«Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды

13.03.2023, 11:00 734 Оразай Жеңісұлы

Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтіп жатыр. 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Алғашқы марапатталғандар:                                                     

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирландша қоштасу» болды.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.

Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»

Үздік түпнұсқа сценарий - «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».

Үздік дыбыс - «Топ Ган: Мэверик».

Үздік ән - үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.

Үздік монтаж — «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік режиссер - «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.

Үздік актер - Брендан Фрейзер («Кит»).

Үздік актриса - Мишель Йео («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Үздік фильм - «Барлығы барлық жерде және бірден».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив