KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Жеуге және қайта қуаттауға болатын батарея жасалды

Фото: Шартты сурет

16.04.2023, 09:37 929 Күмісжан Исан

Италиядағы Милан технологиялық институтының ғалымдары жеуге және қайта қуаттауға болатын батарея ойлап тапты.
Батарея бадам жаңғағы, каперс, белсендендірілген көмір, теңіз балдыры, балауыз және алтын жапырақтан жасалады, деп хабарлайды Altaynews qazaqstan.tv ақпаратына сілтеме жасап.
Батарея бар болғаны 0,65 вольтты қолданатындықтан адам асқазанына түссе де зияны болмайды. Қуаттағыш электродты бадам мен каперстен алады.
Аталған батарея асқазан-ішек ауруларын анықтау үшін пайдаланатын шағын сенсорды қуаттандырады. Адам асқазанын тексергеннен кейін батарея сенсормен бірге қорытылып кететіндіктен, оны алу үшін хирургиялық ота жасауды қажет етпейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив