KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде су сору жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

8.03.2023, 16:03 315 Ләззат Қанатқызы

Коммуналдық қызметтер облыс орталығы көшелерінде су сору жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр.

7 наурыз күні күн райы жылынып, жауын-шашын жаууына байланысты кейбір тұрғын үй аулалары су астында қалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорны тұрғындарға аулаларды су басқан жағдайда қайда хабарласуға болатынын  айтты.

- Әр түрлі аудандардан хабарламалар келіп түсуде. Атап айтқанда, Ахмер, “Металлург” сауда үйінің маңы мен Астана көшесіндегі тұрғын үйлер бар, - дейді жауапты мекеме.

Желіде 10-нан астам арнайы техника мен 50-ден астам адам проблемалық учаскелерде кезекшілікте болмақ.

- Төтенше жағдайлардың алдын алуға тырысамыз. Су тасқыны қаупі туындаған жағдайда, 53-25-77, 8 777 331 85 36 телефондары немесе @tazaoskemen аккаунтының жекесіне хабарлауды сұраймыз, - “Таза Өскемен” ШЖҚ КМК.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив