KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Өскемен қаласының әкімі нан зауытындағы нәзік жандыларды құттықтады

8.03.2023, 17:13 316 Ләззат Қанатқызы

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қала басшысы Жақсылық Омар аруларды мерекелерімен құттықтау үшін “Каравай” нан зауытына келді.

Аталмыш кәсіпорында қазір 56 әйел жұмыс істейді. Олар күн сайын зауыттың дамуына және қаланы сапалы өніммен қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бұл мерекені тарихына үңілсек, ең алдымен, азаматтық қоғамның қатысушылары, жауапты қызметкерлер мен талантты мамандар ретінде әйелдердің тең мүмкіндіктері мен әлеуетін ерекше бағалайды. Ал, осы кәсіпорынның қызметкерлері аталған сипаттамалардың барлығына толықтай сәйкес келеді, - деді шаhар басшысы.

Ол сондай-ақ өнімнің сапасын бақылай отырып, кәсіпорын қызметкерлері уақыт шығындарын бөлуге және негізсіз шығындарды азайтуға байыпты қарайтынын атап өтті. Бұл кәсіпорынды жоғары деңгейге шығарады.

- Осы мереке күні барлық нәзік жандыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық және еңбек жолында жаңа табыстар тілеймін, - деді Жақсылық Омар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив