KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2,5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Тарауық намазына қатысатын тұрғындар үшін автобус ұйымдастырылады – Өскемен

16.03.2023, 17:51 280 Ләззат Қанатқызы

Биыл Рамазан айы 23 наурыз күні басталады, ал 22 наурыз тарауық намазы құптан намазынан соң оқылады.

Облыс орталығында тарауық намазынан шыққан тұрғындарды тасымалдау үшін әр түрлі бағыттағы қоғамдық көліктер жүруі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қазір тасымалдаушылармен келісім жүргізіліп жатыр. Қайырымдылық ретінде тегін немесе қоғамдық көліктің бағасына сай, яғни 90 теңгеге тарауық намазынын шыққан тұрғындарды 5 бағытта, яғни ЖМК, Ахмер, Согра, Аблакетка және Шығыс ауылы бағыттарында тасымалдайды, - дейді Берік Кәдірұлы.

Бұл шара қаланың мешіті жоқ аудандарының тұрғындары да намазға қатыса алуы үшін қолға алынып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив