KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскеменде «Nauryz Жастар FEST» жастар фестивалі өтті

17.03.2023, 16:10 355 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Өскемен қаласында алғаш рет «Nauryz Жастар FEST» жастар фестивалі өтті.

Комендантка өзенінің жағалауында өткен шараға 1000-ға жуық тұрғын жиналған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бұл жерде жастардың қатысуымен әр түрлі ұлттық сайыстар, ән айту, би билеу, сонымен қатар арқан тартыс, асық ату сияқты ұлттық спорттық сайыстар мен қыздар арасында «Бауырсақ party» байқауы және айтыс өтеді. Жеңімпаздардың барлығы демеушілеріміз ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады, - деді Өскемен қаласының "Жастар ресурстық орталығының" директоры Айдос Әділбекұлы.

Сондай-ақ бүгінгі шараға ең әдемі ұлттық киімде келген тұрғын да марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды. Алаңда құрылған киіз үйде дастархан жасалып, шара соңында жиналғандарға палау, наурыз көже мен ыстық шай таратылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив