KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Бүгін жаңа мықты өкілді билікті таңдаймыз – Жақсылық Омар

19.03.2023, 09:34 219 Ләззат Қанатқызы

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат дептаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар маңызды саяси науқанда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

- Бүгінгі сайлау еліміздің тарихында ерекше орын алады. Біз бүгін жаңа мықты өкілді билікті таңдаймыз. Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамайтындардың барлығын сайлау процесіне қатысуға шақырамын, - деді қала әкімі.

Бұған дейін өскемендік тұрғындар саяси науқанда белсенділік танытып жатқанын жазған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив