Өскемен
+9°
пасмурно ветер 2,7 м/с, СЗ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Көпбалалы ана сайлау учаскесіне балаларымен келіп дауыс берді – Өскемен

19.03.2023, 12:10 151 0 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат дептаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Облыс орталығындағы сайлау учаскелері сағат 07.00-ден бастап өз есіктерін айқара ашты.

Өскемен қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Тұрсынай Байбалық "Альшемали" СҮ №44 сайлау учаскесіне балаларымен келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Мен көпбалалы ана ретінде еліміздің төл жаңа жылының қарсаңында еліміздің болашағы үшін дауыс беруге келдім. Барлық қазақстандықтарды, өскемендіктерді саяси науқанға бей-жай қарамауға, өз дауыстарын беруге шақырамыз, - дейді Тұрсынай Байбалық.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі сайлауға жеті саяси партия қатысуда.

151
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив