KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
449.3 489.69 4.89

Өскемен: Бүгін Наурыз мерекесіне орай қандай шаралар өтеді?

21.03.2023, 13:21 241 Ләззат Қанатқызы

Биыл облыс орталығында Наурыз мерекесін кең көлемде атап өту жоспарланып отыр.

Облыс орталығында Наурыз мейрамы 14 наурыздан 23 наурызға дейін 9 күн қатарынан тойланады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- 21 наурыз күні субұрқақ бөлігінде сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін "Ертіс концерттің" мерекелік бағдарламасы өтеді.Сондай-ақ қала тұрғындарын спорттық ойындар алаңы мен мерекелік сауда күтеді, - дейді қала әкімдігі.

Сондай-ақ бұған дейін қаланың әрбір шағын ауданында жекелеген концерттік бағдарламалар өткізілетінін хабарлаған болатынбыз.

Мәселен, бүгін 21 наурыз 10:00-де "Оазис" СҮ алдында, Теміржолшылар саябағында, ал 11:00-де Өскемен аллеясында (19 шағын аудан) өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив