KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде төрт мектеп, бес балабақша салынады

25.03.2023, 09:00 407 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың білім алуына ерекше көңіл бөлу қажеттігін ұдайы айтып келеді. Осыған орай Өскеменде «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш бірдей білім ордасын салу жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта Өскеменнің 19-шы шағын ауданында екі жаңа мектеп бой көтереді, жалпы сыйымдылығы – 1200 орын, ал Бабкина мельница ауданында 300 оқушыға арналған мектеп салынады. 600 орындық білім беру мекемесі «Нұрлы жол» шағын ауданында өз есігін айқара ашады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Былтыр 10 оқу орнына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын: Абай атындағы №33 мектеп, математика, физика, информатика бағытындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі, №8 мектеп, Ахмер орта мектебі, Крупская атындағы мектеп-интернаты, Меновное орта мектебі, №19 мектеп-қосымша білім беру орталығы, №46 «Огонек», №70, «Алтын дән» балабақшалары.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекті азайту мақсатында өткен жылы 462 орындық бес балабақша ашылды. Бұрынғы мектепке дейінгі мекемелердің ғимараттарын қайтару жұмыстары сәтті жүргізілуде. Мәселен, Челюскин көшесі 17/1 мекен жайындағы қайтарылған ғимараттардың бірінде биыл 140 орындық балабақша ашылды. Күзде Протозанов көшесі, 37, 37а мекен жайында 240 орындық балабақша және жылдың соңына дейін Космический көшесі 6/3 мекен жайында 240 орындық балабақша ашылады. Еске сала кетсек, бұрын бұл ғимараттарды басқа мекемелер пайдаланып келген болатын.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен жүз пайыз қамту үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 1290 орындық бес балабақша салу жоспарланып отыр: екі балабақша Есенберлин даңғылында, Өтепов көшесінде, Вострецов көшесінде және «Нұрлы Жол» шағын ауданында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив