KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскеменде ағаш егу жұмыстары басталды

Шартты сурет

26.03.2023, 15:13 359 ALTAINEWS

Өскемен қаласында көшет егу науқаны басталып кетті. Мамандардың айтуынша, қылқан жапырақты ағаш түрлерін қар еріп, тоң жіби сала отырғызса жылдам жерсініп, бойлап өседі екен.

Қаланың жаңа шағын аудандарының бірінде, нақтырақ айтқанда Ілияс Есенберлин даңғылының бойында қылқан жапырақты желекпен бірге жалпақ жапырақты емен, жөке, шаған ағаштарының да көшеттері егілетін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Жас шыбықтар топыраққа тез жерсініп кету үшін «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны оларды өзіміздің облыс аумағында орналасқан тәлімбақтардан жеткізген.

– Біздің климатқа төзімді әрі жылдам жерсінетін көшеттер мен топырақ жамылғысын таңдаған кезде біз бұған дейін көптеген дендрологиялық жобаны сәтті жүзеге асырған шетелдік және отандық мамандардан кеңес алдық. Олар қылқан жапырақты ағаштарды қар кете салысымен ерте көктемде отырғызу керектігін айтты, – дейді шаһарды көгалдандырумен айналысатын «Таза Өскемен» мамандары.

Дәл қазір бұл аумақта шырша, самырсын сияқты ағаш көшеттері егіліп жатыр. Көп ұзамай жалпақ жапырақты желекті де жерсіндіру жұмысы басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив