KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскеменде “100 күнде 10000 шұңқыр” жобасы іске қосылды

Фото: Ләззат Қанатқызы

30.03.2023, 11:08 372 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде “100 күнде 10000 шұңқыр” челленджі басталды. Енді қала тұрғындары көшедегі шұңқырларды суретке түсіріп, арнайы телеграм-ботқа жібере алады.

Бүгін қала әкімдігінде “Кептеліссіз қала” бағдарламасы аясында құрылған @oskemen_bot телеграм-арнасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шаhар басшысының айтуынша, бұл жобаның басты мақсаты - бөлінген қаржыны тұрғындармен бірлесе жұмсау, халық пен атқарушы биліктің ортасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру.

- Бұл - әкімдіктің жұмысын бағалаудағы алғашқы цифрлық жоба, үлкен серпін. Телеграм-бот арқылы біз барлық өтініштерді қабылдаймыз. Кейін сол өтініштердің қалай орындалғанын халық өзі қадағалай алады. Қала әкімдігі де барлық жұмысқа анализ жасап, қай жерге қанша қаржы кеткенін бақылап отыратын болады, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

 

Айта кетсек, телеграм-ботта тек қала көшелеріндегі жолдар ғана кіреді, ал аула арасындағы шұңқырлар екінші кезеңде қарастырылмақ.

Телеграм-ботқа сурет жіберу үшін:

  1. Өтінімді сәтті жіберу үшін сізге шұңқырдан 50 м радиуста болу керек. Әйтпесе, бот өтінімді автоматты түрде қабылдамайды. Бір өтінімде 10 шұңқырға дейін көрсетуге болады.
  2. Өтінімді қабылдау үшін Өзіңіздің атыңыз бен ұялы телефоныңызды дұрыс көрсетіп, орналасқан жеріңізді бөлісу қажет. Егер деректер дұрыс көрсетілмесе, менеджер өтінімді қабылдамауы мүмкін.
  3. Сондай-ақ картада шұңқырдың орналасқан жерін көрсету қажет. Ол үшін смартфон экранының төменгі жағындағы хабарлама жолының жанындағы "қағаз қыстырғыш" белгішесін түртіңіз. Әрі қарай, "геопозиция" бөлімін таңдаңыз және картаны ашқаннан кейін сіз шұңқырды тапқан жерге маркер орнатып, "геопозицияны жіберу" түймесін басыңыз.
  4. Әрі қарай, шұңқырлардың санын көрсету керек.
  5. Содан кейін, шұңқырдың фотосуретін жолға шықпай-ақ сақтық шараларын сақтай отырып, қауіпсіз қашықтықтан бекіту керек. Фотосурет сапалы болуы керек! Әйтпесе, өтінімді менеджер қабылдамайды.
  6. Осыдан кейін, бағдар үшін Сіз аймақтың фотосуретін (жақын ғимарат, көпір, дүкен, аялдама, мейрамхана және т.б.) тіркеуіңіз керек.
  7. Өтінімді аяқтау кезеңінде шұңқырдың орналасқан жерін бір сөйлеммен мүмкіндігінше егжей-тегжейлі сипаттаңыз, белгілі жер аумағын көрсетіңіз (көше атауы, қиылыс, жақын дүкен, аялдама, мейрамхана және т.б.). Мысал сипаттамасы: Виноградов көшесінде, Ивушка сауда үйі аялдамасының жанында, орташа өлшемді 3 шұңқыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив