Өскемен
+9°
пасмурно ветер 2,7 м/с, СЗ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр

30.03.2023, 14:26 91 0 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облысы аумағында 27-31 наурыз аралығында терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі.

Оқу - жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.

Мәселен, бүгін облыс орталығының тұрғындары әлеуметтік желіде Протозанов көшесі, Шәкәрім даңғылы және басқа да бірқатар аудандарда шектеу енгізілгенін жазды.

- Облыс тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

91
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив