Өскемен
-3°
пасмурно ветер 1,5 м/с, В
459.06 503.77 5.16

«Таза Өскемен» кәсіпкерге қызметінің ақысын төлемеген

Фото: Шартты сурет

20.04.2023, 18:05 200 0 Күмісжан Исан

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкер жүгініп, көрсеткен қызметі үшін тиісті төлемді ала алмай жүргенін жеткізді. 
Төлемді өтемей, негізсіз себептермен кешіктірген «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесі болып шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпаратына сүйенсек, «Таза Өскемен» мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты шағыммен жүгінген кәсіпкер жеткізіп берген тауарлары үшін тиісті төлемді 2022 жылдың тамыз айынан бері ала алмай келген. Мекеме жеткізуші ақысын негізсіз себептермен төлемей жүріпті. 
Кәсіпкер шарт бойынша өзіне артылған міндеттемелерді толық орындаған. Мұны екі тарап қол қойған тауарды қабылдау-беру актісі арқылы растауға болады. 
Кәсіпкер осы уақытқа дейін қажетті шараларды жүзеге асырғанымен, төлем жүргізілмеген. 
Тек ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін ғана мәселе бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Нәтижесінде коммуналдық мекеме кәсіпкер алдындағы қарызды төлық төлеген.

200
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив