KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 2 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Өскеменде сұлулық салонына барған әйел көз жұмды

21.04.2023, 16:39 848 Мадина Амангелдіқызы

Қайғылы оқиғаның болғанын Өскемен қалалық прокуратурасы растап отыр.

Өскеменде сұлулық салонында ота жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

1962 жылы туған азаматша көзге блефаропластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған. Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, жоғарыда аталған процедураны жүргізеді. Біраз уақыттан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізіледі. Ол жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болыпты.

Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде ҚР ҚК 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады (медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен осы қызмет түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның айналысуы, егер бұл абайсызда адам өліміне әкелсе).

Қала прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертеді. Олардың қызметкерлерінің кәсібилігіне және тиісті рұқсаттардың болуына көз жеткізіңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив