KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

Өскеменде Сәбилер үйіндегі құбырды жөндеуге халықтан қаржы жинады

Фото: Шартты сурет

3.05.2023, 19:31 460 Күмісжан Исан

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы Мамандандырылған сәбилер үйінің жертөледегі құбырын жөндеу үшін 500 мың теңге көлемінде халықтан қаржы жинап жатқаны жарияланды. Бұл қор «Добрый Усть-Каменогорск» парақшасында ашылған. 
Биыл жоспар бойынша мекеменің шатырында жөндеу жұмыстары басталады, алайда жөндеу жүргізілетін нысан қатарына жертөле кірмей қалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Дәлірек айтсақ, ғимараттың су бұру және сумен қамту жүйелері аса нашар халде. Жүйе апаттық істен шығудың аз-ақ алдында тұр. Тозған құбырларды түбегейлі ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Келтірілген дерекке сүйенсек, құбырларды сатып алғанмен, оны орнататын қаражат жеткіліксіз. Осы себепті «Добрый Усть-Каменогорск» әкімдікке қарайламай, мәселені шешуді өз қолдарына алып, тығырықтан шығар жолды өз беттерінше іздеуге асыққан. Олар ел азаматтары мен меценаттардан, демеушілерден көмек іздейді. Қор жариялаған ұйым бұл туралы қандай да бір түсіндірме беруден бас тартты. 
Бұл жайлы әлеуметтік желіде алғаш байқап, дабыл қаққан Елена Чембарисова мекеме басшылығы үшін бәз біреулер «сауға сұрап», жұртқа жария етпеуін сұрағанын жазады. 

 

Кейіннен қор туралы хабарлама өшірілді.  Мәселеге қатысты Сәбилер үйінің директоры түсініктеме берді. 

–    Қор жабылды. Басқарма мәселені шешті. Жұмысты тегін істеп бергісі келетін демеушілер табылды. Әр жылға белгіленген даму жоспары болады. Сол бойынша биыл шатыр жөнделуі керек. Тек өзіміз қыста құбырлар жарылып кете ме деп қорқып, халықтың назарына шығардық. «Добрый Усть-Каменогорск» өз аттарынан жеке жариялады, бізге қатысы жоқ. Оларға да демеушілер шыққандықтан, қор жабылды. Олар ерікті болып келгенде мәселені көрген, – дейді Сәбилер үйінің директоры Салтанат Фатихова. 

Сонымен қатар, мәселені көтерген Елена Чембарисова Facebook желісінде аталған мекеменің басшысын жұмыстан босатқалы жатқаны жайлы жазды. 
Осы және өзге сұрақтарға қатысты ШҚО денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан едік. Алайда басқарма ауызша түсініктеме беруден бас тартып, арнайы сұрау хат арқылы ғана жауап беретіндерін жеткізді. Басқармаға сұрау хат дайындалып жатыр, аталған мекеменің жауабын күтеміз. Мәселеге қатысты оқырманды хабарда ұстайтынымызды жеткіземіз.  
Айта кетсек, бұл Сәбилер үйіне қатысты шыққан алғашқы шу емес. 2020 жылы мекеменің бұрынғы директоры ауру балаларға деп өз есепшотына ақша жинағаны туралы ресми ақпарат таралған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив