Өскемен
+7°
небольшая облачность ветер 1,3 м/с, В
474.47 503.51 4.88

Өскеменде математика мұғалімдеріне арналған шеберлік сағаты өтті

12.05.2023, 17:01 362 0 Ләззат Қанатқызы

11 мамыр күні ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында Астана қаласы «Зерделі» мектебі өкілдерінің қатысуымен математика мұғалімдеріне шеберлік сағатын өткізді.

Шараға Өскемен қаласының мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерінен 100 математика мұғалімі қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қатысушылар математикадан олимпиадалық есептерді шешу жолдары мен тапсырмаларын талдап, логикалық тапсырмаларды орындады. Олимпиада есептерін шешуге арналған әдебиеттер мен интернет-ресурстарға шолу жасалып, дайындық жоспары мен стратегиясы ұсынылды.

Шеберлік сағатын «Алтын сақа», «Алтын түлек», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының авторы, ҚР Білім министрлігінің төрт мәрте Құрмет грамотасының иегері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, математик ретінде танымал,  «Зерделі» мектебінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуітұлы мен О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада (алтын, қола), Батыс Қытай олимпиадасы (алтын), imc студенттері арасындағы халықаралық олимпиадаларының (күміс, қола)  жеңімпазы және жүлдегері, Назарбаев университетінің түлегі Бақдәурен Нарбаев өткізді.

 "Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар шараның практикалық бағыты мен өзектілігін атап көрсетті. Оқушыларды олимпиадаларға даярлау бойынша өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін айқындады", дейді ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

362
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив