KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде «JasStar-2023» фестивалі өз мәресіне жетті

13.05.2023, 17:44 760 Анель Слямғазықызы

«JasStar-2023» фестивалінде С.Аманжолов атындағы университет жастары қала әкімінің кубогын жеңіп алды.

Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған «Студенттік көктем» өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

Ең дарынды студенттер музыка, би, КВН және тағы басқа өнер түрлері бойынша өз шеберліктері мен шығармашылықтарын ортаға салды.

 

Бұл тартысты байқауда қатысушылар 5 номинация бойынша марапатталды:

«Үздік вокалдық номер» - "Solo" әнімен Амина Сержанова, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;

«Үздік хореографиялық қойылым» - "Куба" эстрадалық биі, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;

«Үздік әзіл» -  "FTB" КВН командасы, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;

«Үздік ерекше жанр» - "Interview Formation" командасы, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;

«Үздік дәстүрлі номер» номинациясын  "Жаса, туған жер" әнімен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті иелінді.

  

Әкімнің ауыспалы кубогы және ең басты сыйлық - 500 000 теңге Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне бұйырды.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив