KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Экосенбілікке қатысып, сыйлық ұтып ал — Өскемен

Фото: Автордікі

27.05.2023, 12:46 450

27 мамырда Өскемен қаласында “Таза ойындар” экосенбілігі ұйымдастырылды.
Шараға қала тұрғындары, жастар қатысып, қоқыс жинап жарысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тұрмыстық қалдықтардан көз ашпаған аумақты белсенділер ойнай жүріп жинады. Қала тазалығына үлес қосуға жиналған тұрғындармен бірге қала әкімі Жақсылық Омар да атсалысқан.

— Бұл экологиялық шара тек қоқысты жинауға ғана бағытталмаған. Біз қала әкімдігімен бірге көңіл көтеруге бағытталған концепция ойлап таптық. Салыстырмалы түрде айтсақ, қазір жарысып жатырмыз, қоқысты жылдам жинап жатырмыз. Бізде үш команда бар. Бәріміз тең бөлініп, әр команда стикер алды. Мен, мысалы, “Қызылдар” командасындамын. “Көктер” мен “Сарылар” командасы да бар. Өткен жолы 4 құрама болған. Біз жағдайға қарай жұмыс істейміз. Тиісінше, кім шамамен бір жарым сағатта көп қоқыс жинайды, сол жеңеді. Керемет сыйлықтар мен жүлделер сол адамдарға бұйырады. Қазір команданың ішіндегі үздігін таңдайтын деңгейге жетпедік. Алдағы уақытта оны да ойластыру керек деп ойлаймын. Бір бақылаушы болса, топ ішінде де бәсекелестік болар еді. Қазір тек жалпы топтық нәтижені ескереміз. Екінші ойындарда бәрі сыйлық алуы тиіс деп шештік. Өткен жолы бәрі еңбектенгенімен, үш команда сыйлық алып, біреуі алмай қалған еді, — дейді Людмила Евженкова.

Белсенді одан өзге қатысушылардың қалай жиналғаны, жас шамасы туралы да мәлімдеді.  

— Қатысқандардың бір бөлігі — Instagram желісі арқылы біліп келгендер. Мен де, Жақсылық Мұқашұлы да пост жарияладық. Мен өзім экоблогермін, адамдарды шараға қатысуға шақырдым. Мен студенттер жүргенін көрдім. Сонымен қатар бізбен бірге жинап жүрген көптеген мемлекеттік органдар өкілдерін де байқап қалдым. Қатысушылардың бәрі белсенді. Бүгінгі қатысушылардың шамамен 20%-ы — өткен ойындарға қатысқандар, — деп түсіндірді экобелсенді Людмила Евженкова.

Фото: Автордікі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив