KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Уәдесін орындамайтын басшылар керек емес – Жақсылық Омар

Фото: Автордікі

29.05.2023, 12:55 542 Күмісжан Исан

27 мамырда Өскемен қаласының әкімі Защита шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. 
Жақсылық Омар шағын ауданда атқарылған жұмыстар туралы айтып берді және халықтың арыз-шағымын тыңдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кездесу барысында тұрғындар көтерген мәселенің бірі қоғамдық көлікке байланысты. Шағын аудан тұрғындары №228 маршрутты алып тастағалы бері облыс орталығына жету қиындағанын жеткізді. Олардың айтуынша, студенттер оқуға жету үшін бірнеше қоғамдық көлікке отырып, ары қарай жаяу немесе таксимен жетуге мәжбүр екен. Тұрғындар шағын аудандағы ең өзекті мәселе осы дейді. 
Халық өткен жылы қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының басшысы Нұрсұлтан Төлеубекұлымен кездесіп, осы мәселені талқылаған. Мекеме басшысы тұрғындарға аталған маршрут қайта қайтарылатынын айтып, халық көлік бағыты бойынша бірнеше жоспар дайындаған. Алайда аталған маршрут қозғалысы әлі күнге дейін жандандырылмаған көрінеді. 

– Бұл бірінші рет емес. Үнемі адамдарға уәде беріп, оны орындамайды. Көп сөйлеп, айтқанын орындамайтын адамдар бізге керек жоқ. Мұндай «бестолковый» басшылар бізге керек жоқ. Біздің адамдар туралы "уәде беріп, орындамады" деген сөз маған ұнамайды. Бұл өте жаман, – деп наразы болды Жақсылық Омар.  

Қала әкімі жауапты тұлғаларға қоғамдық көлік мәселесін шешуге қатысты тапсырма берді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив