KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемендік полицейлер балаларды қуантты

Фото: Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі

2.06.2023, 09:50 305

Жылдағы дәстүр бойынша Балаларды қорғау күнінде Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізді.

Биыл мерекеге орай полиция қызметкерлері Өскемендегі «Арнайы мектеп» КММ балаларына мерекелік концерт ұйымдастырып, сыйлықтар тапсырып, ерекше құттықтау ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Концерттік бағдарламаны полиция қызметкерлері қаланың және облыстың шығармашылық ұжымдарымен бірлесе дайындаған.

– Аталған іс-шара мақсаты – мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек пен қолдау көрсету, ерекше көңіл бөлу. Олардың жүздерінен күлкі көру – біз үшін ең бақытты сәт, – деп атап өтті Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.

Шарада барлық балаларға арнайы алынған тәттілер мен сыйлықтар таратылды. Мерекелік іс-шара барлығының көңілінен шықты.

– Біз Өскемен қалалық ПБ бастығына және қызметкерлеріне осынау мерекелік іс-шараны ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс айтамыз. Балалар мұндай кездесулерді өте жоғары бағалайды, ал ересектер балалардың көңілді жүздерін көргенде өте қуанады, – деген «Арнайы мектеп» КММ әлеуметтік педагогы Гүлім Тайырқызы балаларға арналған мереке үшін басқарма бастығына және жеке құрамға шын жүректен ризашылығын білдірді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив