KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Мемлекеттік рәміздер күнінде өскемендіктер Әнұранды бірге шырқайды

Фото: turkystan.kz

4.06.2023, 09:14 358

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы мереке Қазақстанда 1992 жылдан бастап аталып келеді.

Шығыста облыс орталығының тұрғындары үшін барлық өскемендіктер мен қала қонақтары қатыса алатын бірнеше мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алдымен таңертең 19-шы тұрғын аудандағы Қазыбек би даңғылынан Республика алаңына дейін автошеру өтеді.

Сағат 17.00-де Арбатта қаланың шығармашылық ұжымдары және С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерінің қатысуымен мерекелік концерт болады. Сондай-ақ мерекелік сауда, қолөнершілер көрмесі бар. Қонақтар үшін фотоаймақ жабдықталып, аниматорлар шақырылады.

Ал сағат 18.00-де барлық өскемендіктер мен қала қонақтары Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстанның Әнұранын қосылып орындайды. Акция сол Арбатта ұйымдастырылады.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің негізі. Алтын күн мен қалықтаған бүркіт сұлбасы бар көгілдір Ту және ортасында барлық қазақстандықтар үшін ортақ үйдің символы ретінде шаңырақ бейнесі орналасқан Елтаңба әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа тәуелсіз мемлекеттің бейнесін көрсетті. 2006 жылдың қаңтар айынан бастап "Менің Қазақстаным" әні еліміздің Әнұраны болып бекітілді.

Еске салайық, бұған дейін ел мемлекеттік рәміздерге құрмет ретінде Өскеменде облыстық «Халифа Алтай» мешітіне ұзындығы 27 метр болатын Ту ілінген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив