KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Рәміздер күніне арналған ауқымды мереке ұйымдастырылды – Өскемен

Фото: Аяужан Утеулинова

5.06.2023, 19:00 356 Күмісжан Исан

4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай Өскемен қаласындағы Арбатта мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекеге жиналғандар ұлттық дәстүр, құндылықтар, рәміздер туралы сұрақтарға жауап беріп, арнайы тапсырма желісінде сол мезетте түсірілген суреттер жарысына қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары ән мен би астасқан концерттік бағдарламаға куә болып, түрлі ойындар ойнады. Сонымен қатар қатысушылар моншақтардан түрлі заттар жасап, бояумен рәміздерді бейнелеп, аквагрим салдырған. Мереке күні қала тұрғындары көк Тумен суретке түсіп те үлгерді.

– Ең әдемі ту – Қазақстанның Туы. Біз мемлекеттік рәміздерімізді 4 маусымда ғана емес, әрқашан мақтан тұтып, құрметтеуіміз керек. Бүгін біз осында Қазақстанның Әнұранын бірге шырқауға жиналдық, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Шара соңында жиналған көпшілік Әнұран орындады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив