KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жаңа трамвайлардағы салқындатқыштар жұмыс істемей тұр – Өскемен

Фото: "Өскемен қаласының көлік компаниясы" ЖШС

6.06.2023, 10:47 348

Өскемен қаласында жаңа трамвайларда кондиционер жұмыс істемей тұр.

Ақау туралы зауытқа хабарланып, салқындатқышты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Былтыр трамвай желісіне Беларусь елінде шығарылған 4 жаңа трамвай сатып алынған. Жалпы құны 811 млн 610 мың теңгені құраған трамвайларды алу үшін бюджет қаражатынан ақша жұмсалды.

Енді қыруар қаржыға алынған жаңа трамвайларда кондиционер жұмыс істемейтіні анықталған. Жаңа техниканы ел назарына ұсынғанда көлікке жылытқыш пен кондиционер орнатылғаны хабарланған еді. Жаздың алғашқы аптабы күшіне енісімен салқындатқыштың жұмыс істемейтіні анықталып, халық тымырсық күні шағымдана бастаған.

Тиісті компания мәселені мойындап, кондиционерді жөндеуге тырысып жатқандарын жеткізген. Сонымен қатар көлікті жасап шығарған зауытты да хабардар еткен.

                       

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив