Өскемен: Субұрқақтарға шомылуға тыйым салынады

Фото: Nur.kz
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов фонтандардың қауіпсіз жұмысын тексеріп, балалардың шомылуына жол бермеу туралы тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста Павлодар облысында фонтанда шомылып жүрген баланы тоқ соқты. Абырой болғанда, бүлдіршін аман қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс орталығында да аптап ыстық күндері балалар үнемі субұрқақта шомылып ойнайды. Ол балалар үшін өте қауіпті екенін атап өту керек. Яғни, уланып қалу немесе тері ауруларын жұқтыру қаупіне әкелуі мүмкін.
"Каскадты алаңдағы субұрқақтарға су орталық су құбырынан емес, жерасты ұңғымасынан суасты сорғылары арқылы беріледі. Ол ешқандай тазалаудан өтпейді. Сонымен қатар субұрқақтарда құстар, жабайы жануарлар мен тұрғылықты жері жоқ адамдар түсуі мүмкін. Яғни бұл гигиеналық тұрғыдан да таза емес", деп мәлімдеді «Таза Өскемен» кәсіпорны.
Ақсу қаласында болған жағдайға байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдерге тапсырма берді.
– Әкімдіктер фонтандардың қауіпсіз жұмысын тексеріп, балалардың шомылуына жол бермей, бақылауды барынша күшейтуі тиіс, – деді ол.
232
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
Әкімдік субұрқақтарға шомылуға болмайтынын ескертті – ӨскеменӘлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалдыЖалдамалы пәтер бағасының өсуіне байланысты арнайы жедел желілер іске қосыладыГаз бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді – үкімет басшысыІшінде Өскемен де бар: Премьер-Министр әкімдіктерге ескерту жасады