KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Экосенбілікте жеңген топқа 500 мың теңге беріледі – Өскемен

Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

8.06.2023, 20:51 441

Өскемен қаласының әкімдігі тұрғындарды "Таза ойындар" экосенбілігіне қатысуға шақырады. Сенбілік осымен үшінші мәрте ұйымдастырылмақ.
Бұл жолғы экосенбілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ауқымды ақшалай сыйлық табысталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жарыс нәтижесі бойынша көп қоқыс жинап 1-орынға ие болған топқа 500 мың теңге, 2-орын үшін 200 мың теңге, 3-орын үшін - 100 мың теңге беріледі.
Сенбілік 10 маусым күні сағат 8.30-да басталады. Қатысушылар Назарбаев даңғылы 83/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің алдындағы алаңда жиналмақ.
Белгілі уақыт ішінде қоқысты ең көп жинаған команда жүлде ұтып алады. Командада ең көбі 10 адам болуы қажет. Топты алдын ала құрып қатысуға немесе жиналатын орында өзге қатысушылармен топтасуға болады. Командаларды тіркеу сағат 8:30-дан 9:30-ға дейін жүргізіледі, одан кейін сенбілік басталады.
Ұйымдастырушылар қоқыс қаптары мен құрал-саймандар береді, ал қатысушылар қолғап ала келуі керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив