KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде әйел адамды автобус қағып кетті

9.06.2023, 16:57 335 Ләззат Қанатқызы

8 сәуір күні облыс орталығында №38 автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысына жақын маңда болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жәбірленуші қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Оқыс оқиғаға қатысты «Өскемен қаласы ЖТБО» ЖШС түсінік берді. 

  "Бірінші қалалық аурухана ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды. 38-маршруттағы автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орын алған жерде ПД жедел-тергеу полиция тобы жұмыс істеуде, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құрметті тұрғындар, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жолды тиісті жерден өтуді сұраймыз", деді олар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив