Өскеменде «Таза ойын» эко-сенбілігі басталды

Фото: aigak.kz
Облыс орталығында күзгі сенбіліктер маусымы басталды. Осы сенбі күні «Казцинк» ЖШС компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылған «Таза ойын» эко-сенбілігі өтеді.
Қала әкімдігі шаhар тұрғындары мен қонақтарын өзгеше форматтағы сенбілікке қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сенбілікке қатысушылар қала тазалығына ат салысып қана қоймай, қомақты қаржылай сыйлық ұтып алуға мүмкіндігі бар.
«Таза ойын» эко-сенбілігі 23 қыркүйек күні өтеді. Командаларды тіркеу 10: 00 - де басталып, 10:45-ке дейін жалғасады. Жиналатын орын: Назарбаев даңғылы, 83/1 мекенжайындағы үйдің алаңы.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар қатысушылардан ыңғайлы жұмыс киімімен, қажет болған жағдайда бас киім, антисептик, дымқыл майлықтар, су, жұмыс қолғаптарын бірге алып келуді сұрайды. Егер 20-дан астам қоқыс қаптарын толтыра аламын дегендер болса өздеріңізбен қосымша қаптар алып келуге де рұқсат етілген.
Қосымша ақпарат алу үшін 8(747)202-13-26 байланыс нөміріне хабарласуларыңызға болады.