KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда күн қашан жылынады?

24.03.2023, 19:27 245 Мадина Амангелдіқызы

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады.

Республика аумағында күн біртіндеп жылына түседі, кей өңірлерде сынап бағаны 26 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 25-27 наурыз аралығында республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек жекелеген аудандарда түнде жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін. Күндіз жел күшейеді. 27 наурызда оңтүстік-шығыста жаңбыр, таулы аймақтарда тұман болады.

Батыста сынап бағаны күндізгі уақытта +12-26 градусты көрсетсе, солтүстік-батыста ауа температурасы +5-20 градусқа дейін жылынуы мүмкін. Солтүстікте, шығыста және орталықта: + 2-15 градус. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста: +13-25 градус. Таулы аймақтарда сынап бағаны +8-13 градусты көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив